«Қуанышымызда шек жоқ» Шу ауданындағы үш шағынаудан сапалы ауыз сумен қамтылды
- author «Ақ жол»
- 16 желтоқсан, 2025
- 635
Қуанышқа қарай өткен салтанатты шараға аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пен аудан прокуроры Талғат Оспанов қатысты. Ауыз сумен қамту жобасын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен сондай-ақ Арнаулы мемлекеттік қордан жалпы көлемі 3,377 миллиард теңге қаржы бөлінді. Горгаз (12362 адам) және Жанқұлиев (2681 адам) шағынаудандарында ауыз су желілерінің құрылысын «Интеллект-Азия» серіктестігі, ал Жайсан шағынауданында (818 адам) «ТаразСтрой-2004» кәсіпорны жүзеге асырды.
– «Су – тіршіліктің көзі» деп бекер айтылмаған. Ауыз су – халық үшін ең бірінші қажеттілік. Тұрғындардың игілігін көздейтін жобалар жемісті жалғаса берсін! Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, ертеңіміз жарқын болуына шын жүректен тілектеспін, – деді Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мелис Бейсембаев.
Сонымен қатар Байзақ ауданының Төрткөл ауылында да қайтарылған активтер қаражаты есебінен жүргізілген ауыз су құрылысы толық аяқталып, тұрғындар сапалы тіршілік нәрін пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
– Қуанышымызда шек жоқ. Мемлекет қолдауының арқасында көптен күткен су ауылымызға жетті. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді Төрткөл ауылының тұрғыны Екатерина Берберова.
Мемлекет басшысының халықты 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту туралы тапсырмасына сәйкес, облыста жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл 13, 9 миллиард теңгеге 24 ауылдық елді мекенде және 9 тұрғын алқапта (Тараз қаласында – 5, Шу қаласында – 4) ауыз су нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 19 елді мекенде және 5 тұрғын алқапта құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылды. Қамту көрсеткіші қалаларда 99,8 пайызды, ауылдық елді мекендерде 99,6 пайызды құрап отыр.
Қазіргі таңда 3 елді мекен мен 4 тұрғын алапта құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандарды қабылдаутапсыру рәсімдері жүргізілуде. Ал қалған 2 нысанда құрылыс жұмыст ары 90 пайызға орындалды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




