Қазылар құрамында Айтмұханбет Исақ, Ербол Қамбатыр, Есет Досалы секілді елімізге танымал айтыскерлер отырды. Бұл жыр додасында Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебінің 8 сынып оқушысы Мирас Жамалбек пен Талас ауданы, Мыңатай Қыстаубаев орта мектебінің 10-сынып оқушысы Маржан Серік суырылып, шешуші кезеңге шықты.
Екі жүйріктің арасындағы айтыс тартысты өтті. Маржанның сөздері маржандай сұлу болса, Мирас тапқырлығымен ерекшеленді. Қазылар алқасының шешімімен Мирас Жамалбек жеңімпаз атанып, «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық оқушылар айтысына жолдама алды.
Айтысқа қатысқан барлық өнерпаздарға диплом және сыйлықтар берілді. Алдағы айтыста Мирасқа жеңіс тілейміз. Осылайша, ақындар орталығында бір жас таланттың тұсауы кесілді.
Дидар АПБАСОВ
облыстық «Айтыс ақындары мен жыршы термешілері» орталығы айтыс үйірмесінің жетекшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Жыр алыбы және жасанды интеллект
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




