«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, ақынның кеші шынайылыққа, жылылық пен құрметке толы болды. Әуелі аталған кафедраның меңгерушісі, Мәдениет қайраткері Айгүл Қабиева құттықтап, Шырын ақынның өрелі өлеңдері мен оқырманға беріп отырған өнегесіне тоқталды. Шығармашылық кешті ұйымдастыруда студенттермен тікелей жұмыс жасаған аға оқытушы Майра Әлімнің еңбегі атап өтерлік. Кеш барысында Шырын Мамасерікова жан сырымен бөлісті. Бойында үлкен таланты бола тұра, Меркіні неге таңдағаны туралы жасырмай айтты.
«Жас кезімде Алматыға да шақырды. Бармадым. Бірақ, Фариза Оңғарсынова, Күләш Ахметова, Аққұштап Бақтыгереева бәріміз Алматыда бас қосып тұрушы едік. Өмірде көптеген тарихи тұлғаларды көрдім, араластым. Тұрар Рысқұловтың жары туралы кітап жаздым. Асанбай Асқаровтың жары болған аяулы жеңгеммен әлі күнге дейін араласып, байланысып отырамын. Жеңгеме сәлем беріп барып тұрамын. Ол кісі 101 жаста. Меркі мені аялады, бағалады. Қуансам қуанды, жабықсам жұбатты. Сол үшін қымбат. Сол үшін Меркіден артық жер таппадым» деді аяулы ақын.
Кеш барысында Мәдениет саласының үздігі, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі Оңал Азаматова кеш иесінің сөзіне жазылған «Абат өлке», аталған филармонияның әншісі Қайсар Көкішев «Әже әлдиі» әндерін шырқады. Айым Жасұланқызы, Жаннұр Жарылқасын бастаған студенттер ақынға сұрақ қойып, әсерлі жауап алды. Сонымен қатар университет ұстаздары мен студенттері Шырын ақынға қазақы дәстүрмен құрмет көрсетті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Өнер өлкесіндегі өнегелі жол
- Бүгін, 05:24
«Талас» халық театры «Мірдің оғы» республикалық байқауында І орын алды
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




