Мәдениет жанашырлары рухани құндылықтар тоғысқан ортақ кеңістікте бас қосқан бұл күн кітапхана тарихындағы ғана емес, өңір мәдениетінің даму ке зеңіндегі ерекше оқиғалардың бірі ретінде есте қалды. Кітапхана фойесінде Асқарбек Сейілханның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, фотосуреттер мен сирек деректерден құралған арнайы көрме ұйымдастырылды. Ол қонақт арға тұлғаның көпқырлы еңбегін жан-жақты тануға мүмкіндік берді. Әрбір қатысушы мерейтой иесінің шығармашылық жолына деген шынайы құрметін сездіріп, оның өнердегі орнын ерекше атап өтті.
– Өнерде ғана емес, өмірде де көргені көп, айтары мәнді Асқарбек ағадай азаматтардың өнегесін көргенімді бақытқа балаймын. Осы кісілерге ұқсағымыз келіп, еліктеп, біз өз жолымызды тапқан адамдармыз. Қазіргі ұрпақтың еліктейтін тұлғалары миллион жазылушысы бар коучтар, елді алдайтын алаяқ тренерлер болды. Соның салдарынан қазіргі жастар Tik-Tok-тағы жазылушысын санап отырып қалды. Осы тұрғыдан алғанда, ұлағатты ұстазды көрген біздің бақытымыз қазіргі жас буынның бағынан басым. Оны жасыра алмаймыз. Қазіргі GhatGPT-дің заманында өзіндік шығармашыл ой өрісіңді дамытамын десеңдер, кітап оқыңдар, осындай рухани кештерге қатысыңдар дер едім бүгінгі жас буынға. Ғаламтордың арбауында жасанды интеллектінің жетегіне ергендіктен де болар қазіргі қоғам мейірімсіздікке, терең ойсыздыққа кетіп барады, үлкен рухани дағдарысқа түсті. Құрметті жастар, егер жүректеріңізді жұмсартып, с анаңызға сәуле шашып, ойыңызды дәл жеткізер көркем тіліңізді дамытқыңыз келсе, өнер адамдарымен өткен бір сәтке болса да құлақ түрсеңіздер – ұтқандарыңыз. Әсіресе, қыз балалар осындай рухани кездесулерден тыңдағандары болашақта дүниеге әкелетін баланың санасына сіңетінін ұмытпаңыздар. Біз қазір осындай ұстаздардан үлгі алғанымызды мақтан етеміз, енді бір елу жылдан соң жастар, сіздер Tik-Tok-та қиғаштап тұрып билегендеріңізбен мақтанасыздар ма? Сондықтан келешектің қамын қазірден ойлауымыз керек. Алдыңғы буын ағалар өздеріндегі барын бізге берді, біз кейінгілерге бере алмай жүргеніміз – ең қиыны, – деген Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық көпшілікке ой салды.
Асқарбек Сейілхан – театр әлеміндегі өзіндік үні бар дара тұлға. Ол сомдаған әрбір бейне көрерменнің жадында сақталып, әр рөлінен кәсіби ізденіс пен жан-жақты дайындықтың терең ізі сезіледі. Театр өнерінің дамуына қосқан зор үлесі, өңір мәдениетінің тынысын кеңейтуге сіңірген еңбегі, көптеген шәкірт тәрбиелеп, жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беруі – оның өмір жолының өшпес өнегесі. Өнер жолы – жүрек пен жан тазалығын талап ететін қастерлі жол десек, еңбек пен төзім, білім мен ізденіс – нағыз өнер иесінің серігі. Осы жолда Асқарбек Ақылшаұлының өзіндік сара жолын салғанын ардагер журналист Бекет Момынқұлов пен ақын Үміт Битенова, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры Ақылдос Тәжиев әсерлі әңгімеледі.
– Біздің журналист болып қалыптасуымызға, өмірде өз жолымызды адаспай табуға Асқарбек аға, Бекет аға бағыт беріп, зор қамқорлықтарын көрсетті. Біз бүгінде қандай биікке жет с ек, ол – о сы ағалардың еңбегінің жемісі. Асқарбек ағаның еңбекқорлығы, тәжірибесі – артынан ерген кейінгілерге үлгі. Ағамыз журналист, актер ғана емес, кейінгі кездері өмірден көргенін, көңілге түйгенін кіт апқа жинақтап, келешек ұрпаққа құнды мұра етіп қалдыруға әрекеттеніп жүр, біздің ұстазымыздың әлі де бергенінен берері көп, – деді «AULIEATA MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев.
Ал театрдағы ізін басқан інілерінің бірі, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының артисі Кенен Ақүрпеков мерейтой иесінің қамқорлығын тебірене жеткізді.
– Облыстық театрға келгеніме 12 жыл болып қалды, қандай рөл сомдасам да Асқарбек ағамен үзеңгілесіп келеміз. Бұл кісінің жақсы қасиеті – адамды тани білуі. Кейде маған «Кенен, мына рөліңде сәл жетіспей тұрған тұстары бар, мына кітапты оқышы», – деп қолыма қажетті кітапты ұстатады.
Шортанбай Қанайұлының:
«Жақсы атқа жасық темір таға болмас, Ит тері илегенмен жаға болмас. Үлгісіз үлкендерді үрлесең де, Қарыны қампайғанмен аға болмас» дегеніндей, Асқарбек аға көпке үлгі. Әрдайым жастарға ізгі тілегін ақтарып жүреді. Осы қасиетін мен ерекше құрметтеймін, – деді «ҚР Мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісінің иегері Кенен Ақүрпеков.
Шығармашылық кешті қорытындылаған Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова кештің құрметті қонағы Асқарбек Сейілханға шапан жауып, құнды кітап тарту етті.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Студенттер ақынға құрмет көрсетті
- Бүгін, 05:33
«Талас» халық театры «Мірдің оғы» республикалық байқауында І орын алды
- 11 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




