Аудан әкімінің айтуы бойынша, қуаттылығы жылына 100 мың текше метр газобетон өндіру зауыты қосылса 50 адам жұмыспен қамтылуы жоспарланған. Жоба құны – 1 миллиард теңге. «АЛЕЛЬ АГРО» кәсіпорны құны 7 миллиард теңге болатын құс өсіру кешенінің құрылысын аяқтағанда 40 адам екі қолға бір күрек табады. Сонымен қатар Түймекент және Ботамойнақ ауылдық округтерінде жалпы құны 20 миллиард теңгені құрайтын 40 құс өсіру цехы (әрқайсысында 20 цехтан) салу жоспарланыпты. «КЕМЕРАГРО» компаниясы қуаттылығы жылына 10 мың тонна құс қиы мен қой жүнінен тыңайтқыш өндіру зауытын жүргізбекші.
Жоба құны – 280 миллион теңге, 10 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік. Осы ірі инвестициялық жобаларды ғана іске асырудың есебінен аудан экономикасына 136,3 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылады. Ағымдағы жылдың 10 айында жалпы шығарылған өнім 118,4 пайыз деңгейінде қалыптасып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,3 пайызға, ауыл шаруашылығы – 24,6 пайызға, құрылыс жұмыстары – 24,1 пайызға, тұрғын үй – 10,4 пайызға, сауда – 1,9 пайызға, негізгі капиталға инвестиция 13 пайызға артты.
Жыл басынан бері 9,8 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өсім 103,3 пайызды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынымен аудан облыс бойынша 4-орынға жайғасыпты. Жыл басынан аудан экономикасына 23,9 миллиард теңге инвестиция тартылған, оның 91,2 пайызы жеке меншік қаражат. Яғни, 21,8 миллиард теңге жеке инвестициядан түсіпті. Тартылған инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша аудан 2024 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық көрсеткішке қол жеткізген. Биыл құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылып, 43 тұрақты жұмыс орны ашылыпты.
«Ескермес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылдық қуаттылығы 36 миллиард кірпіш шығару өндірістік зауытын, «JS GLASS» ЖШС жылдық қуаттылығы 100 мың шаршы метр шыны шыңдайтын өндірістік зауытын іске қоспақшы. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 72,6 миллиард теңгені құрап, 24,6 пайызға өсім байқалған. Ауданда 342,4 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде, 29,3 мың тонна масақты дәнді, 15,4 мың тонна дәндік жүгері, 0,84 тонна майлы дақыл, 244,1 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна картоп, 43,4 мың тонна бақша дақылдары бар.
Қант қызылшасы 1300 гектар алқапқа орналастырылып, қазір 83,1 пайызы жиналып, 46 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 600 центнерді құраған. Жиналған өнімнің 42,7 мың тоннасы Меркі қант зауытына өткізіліпті. Сонымен қатар мал шаруашылығында 22,3 мың тонна ет, 25,9 мың тонна сүт және 10,8 миллион дана жұмыртқа өндірілген. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2024-2025 жылдары 782,1 миллион теңгеге 103 жоба қаржыландырылған. 4,8 мың гектар егіс алқабына су үнемдеу технологиялары енгізілген. Су саласын дамытудың 2024- 2028 жылдарға арналған кешенді жоспардың 2-бағытына сәйкес каналдарды реконструкциялау және күрделі жөндеу қарастырылған.
Бүгінгі күнге «Қазсушар» РМКЖФ-мен бірлескен жұмыс нәтижесінде 17 каналды күрделі жөндеу үшін «Ислам даму банкі» арқылы 1-ші кезеңімен қаржыландыру жұмыстары жүргізілген. Жобаның құны 6,1 миллиард теңгені құраса, «Ислам даму банкі» арқылы 2-ші кезеңімен қаржыландыру мақсатында тағы 43 каналға ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде екен. Ауданда жыл басынан 31,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2025 жылы 236 пәтерлі үй құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Биыл аудан халқын таза ауыз сумен қамту деңгейі 100 пайызға жеткізілмек. Сонымен қатар Дихан ауылының ауыз су құбырын қайта жаңғырту жобасы бойынша аудандық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Аудандағы 40 елді мекен 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Президенттің «Әр 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша тапсырмасы аясында кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын қолдау есебінен 1276 астам жұмыс орны құрылды, жоспар – 876 адам болатын. Жоспардың артық орындалғаны тұрғындарға да қуаныш. Брифинг барысында Олжас Елебекұлы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ауыл әкімдерінің мәртебесін қалай арттырамыз?
- 9 желтоқсан, 2025
«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы – қарымды қадағалаудың жемісі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




