Сессияда алдымен облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиевтің мәслихаттың атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды.
Одан кейін «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет», «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №20-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «2026-2028 жылдарға арналған облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері, әлеуметтік салық бойынша түсімдерді бөлу нормативтері» және «Облыстың 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева, облыс аумағында мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарының сапасы және осы мақсатқа жоспарланған қаражаттың тиімді жұмсалуы жайлы облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлі хабарлама жасады.
Сондай-ақ жылдың соңғы сессиясында Қордай ауданындағы «Гагарин» кен орнындағы алтын өндіру фабрикасы үшін сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу» мемлекеттікжекешелік әріптестік жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, облыстық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, Тараз қаласының құрамдас бөлігін қайта атау, «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту және облыстық мәслихаттың басқа да бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




