«Талас» халық театры «Мірдің оғы» республикалық байқауында І орын алды
- author «Ақ жол»
- 11 желтоқсан, 2025
- 824
Байқауға еліміздің Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарынан және Жамбыл облысы, Талас ауданынан келген барлығы 8 театр ұжымы қатысты. Әрбір өнерпаз топ көрерменге өзгеше қойылым ұсынып, бақ сынады.
«Талас» халық театры өзіне тән шебер өнер көрсетуімен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Байқауда қазылар алқасы құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбаев, жазушысатирик Нұрлыбек Жұбатқан, ҚР Мәдениет қайраткері Бауыржан Орда сынды өнер майталмандары болды.
Осындай талғампаз қазылар мен мықты театрлар бас қосқан додада «Талас» халық театры I орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді. Бұл жеңіс – Талас ауданы мен бүкіл өңір мәдениетінің мәртебесін асырған үлкен жетістік.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




