Оқу орны кітапханасының №6-оқу залында өткен басқосу қатысушылары бір-бірімен өздері оқыған сүйікті кітаптарын алмастырып, жүрекке жылу сыйлар әсерлерімен бөлісті. Өйткені әр кітап – уақыт пен кеңістікті еңсеретін даналыққа бастар жол, жанға күш, ойға қозғау беретін баға жетпес қазына.
Әр кітап жаңа әлемнің есігін ашса, әр пікір жаңа ойдың ұшқынын жағады. Іс-шара мазмұнды да мағыналы өтіп, студенттердің кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыра түсті. «Қорды ұйымдастыру және сақтау» бөлімі студенттер сыйға тартқан әдебиеттерді қабылдап алды. «Буккроссинг» идеясын ең алғаш рет АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған.
Ол қоғамдық орында мынадай жазуы бар кітап қалдырды:
«Бұл жоғалып кеткен кітап емес, мына www.bookcrossing.com. сайтқа кіріп, оның бұрынғы иесін біле аласыз». Жарты жылдан кейін оның сайтында екінші рет дүниеге келген кітаптың жолын жалғастырған 300 белсенді пайдаланушы тіркелді. 2004 жылдан бастап Bookcrossing сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізілді. Елімізде мұндай шара ең алғаш 2009 жылдың күзінде Алматы қаласында өтті.
«Букринг» – букрейден ең басты айырмашылығы – кітап өзінің алғашқы оқырманына қайтарылуы тиіс.
Гүлсара БАҚБЕРДИЕВА
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің кітапханалық-ақпараттық орталықтың «Қорды ұйымдастыру және сақтау» бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...»
- 9 желтоқсан, 2025
Өлеңі оқырманға рух берген
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




