Тифло жобаның негізгі мақсаты – зағип және әлсіз көретін азаматтарға заманауи технологиялар арқылы еркін оқу, білім алу және шығармашылықпен айна лысу мүмкіндігін беру. Кітапхана қорында арнайы бейімделген әдебиеттер, Брайль қарпіндегі кітаптар, аудиокітаптар, электронды ресурстар молынан жинақталған. Сонымен қатар дыбыстандыру студиясы арқылы жаңа шығармалардың аудио нұсқаларын дайындау тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Қызмет алушылар үшін тифлотехникалық құралдардың да маңызы зор. Кітапханада брайль дисплейлері мен дыбыстық компьютерлік бағдарлама лар орнатылған. Бұл құрылғылар азаматтардың өз бетімен жұмыс істеуіне, мәтіндерді оқуына, интернет пайдалануына және күнделікті өмірде еркін әрекет етуіне қолдау көрсетеді. Тифло жоба тек техникалық мүмкіндіктермен шектелмейді.
Кітапханада шығармашылық үйірмелер, оқу клубтары, мотивациялық тренингтер, мәдени шаралар мен қоғамдық кездесулер жүйелі түрде ұйымдастырылады. Мұның барлығы зағип жандардың әлеуметтенуіне, өз әлеуетін ашуына және қоғамда белсенді орын алуына бағытталған.
Жобаға қатысушылардың айтуынша, кітапхана – олар үшін тек оқу орны ғана емес, жаңа мүмкіндіктер ашатын, жақсылық пен жан жылуын сыйлайтын орта. Мұнда әрбір азаматтың пікірі ескеріледі, әр сұранысына сай жағдай жасалады. Тифло жобаның дамуы – инклюзияның нақты көрінісі. Ол зағип жандардың қоғамнан тыс қалмай, білімге, мәдениетке және қоғамдық өмірге теңдей қол жеткізуіне жол ашады. Сондықтан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының атқарып отырған еңбегі өңірдегі ерекше жандар үшін шын мәнінде шексіз мүмкіндік көзіне айналып отыр.
Қарлығаш ШОҢМЫРЗАЕВА
зағип оқырмандарға қызмет көрсету секторының меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар
- 9 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




