«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында кітап оқуды насихаттау және оқырман мәдениетін дамыту мақсатында Абай атындағы Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі «Ұлы дала» шағын ауданы кітапханасында рухани тағылымға толы «100 кітап оқып ой бөлісемін» атты оқырман бенефисін ұйымдастырды.
Ісшараға қала әкімдігі мен мәдениет саласының өкілдері, кітап сүйер қауым және белсенді оқырмандар қатысты. Аталған кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева кітаптың құндылығы жөнінде оқырманмен ой бөлісті. Оқырмандар қойған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі ерекше орны мен рухани құндылық ретіндегі маңызын айқындайтын, оқырманның кітап арқылы әлемді тануы, ой-өрісінің кеңеюі және тұлғалық қалыптасу жолын сезіндіретін көрініс ұсынылды. Білімнің қайнар көзі саналатын кітап туралы ақындардың өлеңдері оқылды. 100 кітап оқып, үздік атанған белсенді оқырмандар өздері оқыған әр кітап бойынша қысқаша мазмұнын айтып, өзіне, өмірлік көзқарасына қалай әсер еткені туралы шынайы әрі терең талдап жеткізді. Кітаптың асыл қазына және оқырманның асып-тасымайтын асыл досы екендігі туралы айтып, кітап оқуға шақырды.
«Жақсы кітап – жан азығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.
«Мен «Ұлы дала» шағын ауданында тұрамын. Мектепте мұғаліммін. Осы уақытқа дейін де бұйырған кітапты оқыдық. Ол үшін Тараз қаласының орталығындағы үлкен кітапханаларға барушы едік. Аленді «Ұлы дала» шағын ауданынан кітапхана ашылғалы ол жұмыс жеңілдеді. Үйдің қасындағы кітапханаға жиі келіп тұрамын. Уақытым да көп үнемделді», – дейді кітапхана оқырманы Рауан Есен.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекқызы үздік оқырмандарды марапаттады. Оқырман бенефисі оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, әдебиет арқылы рухани дамуына жаңа серпін берді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Тәртіп пен жауапкершілікті күшейту қажет
- Бүгін, 03:37
«120 әнді 7 сағатта айтып шығу керек»
- Бүгін, 03:31
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




