Тағылымды басқосуға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ қатысып, жиынның мазмұны мен мәніне кеңінен тоқталды. Ол Мекемтас Мырзахметұлының университетте сабақ бергенін мақтанышпен айтты. Студенттерге ғалымның өнегелі өмірі мен азаматтық ұстанымдары жайлы тағылымды әңгіме өрбітті.
– Мекемтас аталарың Абай Құнанбайұлын ғана емес, Мұхтар Әуезовты да терең зерттеді. Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» деген көлемді әңгімесін білесіңдер. Мекемтас Мырзахметұлы университетте жүргенімізде осы әңгімені талдататын. Шығарманың соңында қасқырдың тұқымы Көксерек өзін асырап баққан Құрмашты өлтіреді. Яғни, жақсылыққа жамандық жасайды. Осы орайда ағай әңгімеге екінші жағынан қарауды үйрететін. Мәселен, «Көксерек» әңгімесінің бір астары қазіргі үстемдігі жоғары халықтың қазақ халқына қиянаты. Жазушы астарлап соны көрсетіп отыр дейтін, – деді Сәмен Құлбарақ.
Кітапханашы Рима Әбденбаева жас оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, Мекемтас Мырзахметұлы туралы жазылған жазушы Елен Әлімжанның «Алтын жүлге жыры» атты романына тоқталды. Ғалымның 10 томдық жинағына да шолу жасады.
Жиынды кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева қорытындылап, белгілі ғалым Сәмен Құлбараққа алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




