Саналы тәрбие мен заңды құрметтеу - қауіпсіздік қоғамның негізі
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 02:38
- 35
Университеттің тәрбие және әлеуметтік істер бойынша проректоры Мақсат Мұсабековтың айтуынша, экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, жерге орналастыру және кадастр, мұнай, газ және тау-кен ісі, энергетика, су ресурстары, мелиорация және агрономия кафедраларының студенттері үшін құқықтық және профилактикалық бағыттағы бірқатар маңызды кездесулер өткен.
– Кезде суге арнайы келген мамандар мазмұнды дәрістер оқыды. Атап айтсам, облыстық полиция департ аменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Мұхаммед Қошмағанбетов қазіргі уақытта қандай қылмыстар өршіп тұрғанын және қылмыс істегендер қалай жазаланатынын айтса, Halyk Bank кибер алаяқтық және дроп әрекеттерінің алдын алу бөлімінің маманы Дильбара Кожебекова алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын және сондай жағдайға тап болған тұлға алданудан қалай сақтану керегін түсіндірді. Эпидемиолог дәрігер Сара Досбулатова, психолог Гаухар Шамурзаева студенттерге өз құқықтарын қорғауда сабыр сақтау жолдарын жеткізді. Сонымен қатар мелиорация және агрономия білім бағдарламасының 1-3-курс студенттері үшін тағы бір маңызды кездесу өтті. Оған облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры К.Абдибеков қатысып, «Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Спикерлер студенттерге киберқауіпсіздік, дроп әрекеттері, эпидемиологиялық қауіптің алдын алу, психологиялық тұрақтылық және есірткі қылмысының құқықтық салдары туралы терең әрі түсінікті ақпарат берді. Осындай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады, – дейді Мақсат Несіпжанұлы.
Заңбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтық пен деректерді қорғау, буллинг, стресс, эмоциялық тұрақтылық, қоғамдық денсаулық пен қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында студенттерге арналған іс-шаралар түрлі форматта өткізілген. Кезде суге келген мамандарға студенттер сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді бірге талқылаған. Мұндай кезде сулер құқықтық сауатты, жауапты, саналы жасты қалыптастыруға жасалған нақты қадам боларына сенеміз. Қауіпсіз орта – әрбір студенттің дұрыс таңдауынан басталады.
– Алаяқтық – ақша, ақпарат, мүлік немесе ресурстарға қол жеткізу сияқты пайда табу мақсатындағы әдейі алдау әрекеті. Бұл телефон қоңыраулары мен хаттардан бастап, күрделі кибершабуылдарға дейін әртүрлі түрде болуы мүмкін. Бас прокуратураның дерегінше, 2024 жылы 128 дроппер жауапкершілікке тартылды, 59 алаяқтық топ ашылды, сот өткен жылы 800 талап бойынша 1 миллиард теңгеден астам соманы өндіріп алды, дропперлерді ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары ретінде соттайды. Ал қаржы мониторингі агенттігінің дерегіне сүйенсек, 2024 жылы 128 дроппер жауапкершілікке тартылды. 59 алаяқтық топ ашылды, сот өткен жылы 800 талап бойынша 1 миллиард теңгеден астам соманы өндіріп алды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-1-бабына сәйкес, өзінің банк шотына қол жеткізуді заңсыз бергені үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Үшінші тұлғалардың мүддесінде төлемдерді неме се аударымдарды жүзеге асырғаны үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы бар. Бөтен біреудің банк деректемелерін тарта отырып схемаларды ұйымдастырғаны үшін (дропперлік) мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Қарапайым адамдарды алаяқтар қалай өзіне тартады дегенге тоқталсақ, сауда платформаларындағы алаяқтар, мысалы, маркетплейстерде немесе әлеуметтік желілерде адамдарда жоқ тауарларды сату туралы хабарландырулар жасайды. Тауарларды төмен бағамен, көбінесе «шектеулі акция», «қойманы жою» немесе «тек бүгін» деп жарнамалайды. Жарнама әлеуметтік желілер, іздеу жарнамалары, e-mail жіберу арқылы жіберіледі. Ондайларда оң пікірлер, заңды ақпараттың болмауынан алаяқтық екенін аңғаруға болады. Жәбірленуші ақша аударады, жеке деректерді жібереді, аккаунтқа кіруге қолжетімділік береді, зиянды бағдарламаны орнатады. Керектісін алғаннан кейін алаяқ: хат-хабарларды жояды, жәбірленушіні бұғаттайды, оның деректерін немесе аккаунтын басқа схемаларда қолданады. Мұндайда қауіпсіздік шаралары қандай? Кім жазып жатқанын тексеріп, егер таныс адам болса, ауызша немесе жеке сөйлесу керек. Ешкімге жеке деректерді бермеу қажет. Екі факторлық аутентификацияны баптап, WhatsApp, Telegram тіркелген құрылғыларды тексеру керек. Фишингке сілтемелерді тексеру Telegram каналда @KZ_CERT_chat_ bot арқылы, нөмірді алаяқтыққа Астана қаласының прокуратурасы құрған WhatsApp-бот +7 747 680 02 10 арқылы тексеруге болады. Ал қаржы пирамидаларының тізілімін Қаржылық мониторинг агенттігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ afm/activities/48291?lang=ru&paren tId=48274 сілтемесі арқылы көруге болады. Тегін курстар барын да айта кетейік, кибергигиена: https:// citizensec.kz/, қаржылық сауаттылық: https://fingramota.kz/ru. Субъектілер бойынша борышкерлердің тізілімін https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors (ҚР Әділет министрлігі), Қазақстанның жосықсыз жеткізушілерінің тізілімі:https://www.goszakup.gov.kz/ ru/registry/rnu (ҚР Мемлекеттік сатып алу) арқылы көруге болады, – дейді Halyk Bank кибер алаяқтық және дроп әрекеттерінің алдын алу бөлімінің маманы Дильбара Кожебекова. – Биылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» атты халықаралық акция өтуде. Бұл науқан әлем бойынша жыл сайын өткізіліп, қоғам назарын әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық проблемасына аударуға бағытталған. Акцияның мақсаты – зорлықзомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу, жәбірленушілерге көмек көрсету, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамда зорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Елімізде атқарылып жатқан іс-шаралар аясында мектептер мен жоғары оқу орындарында түсіндіру лекциялары оқылып, дағдарыс орталықтарда ашық есік күндері, халыққа арналған флешмобтар ұйымдастырылып, челлендждер мен бейнероликтер жариялануда. Агрессорлармен және есептегі тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыстар күшейтілуде. Аймақтық полиция бөлімшелері мен әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, жәбірленуші тұлғаларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетуде. Сонымен қатар «102», «111» «150» сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Барша азаматтарды белсенділік танытып, зорлық-зомбылыққа төзбеуге шақырамыз, – дейді облыстық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Жанар Қозыбакова.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған тағы бір кездесу «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылыпты. Ол «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының облыстық филиалымен бірлесе өткізілген. Кездесу барысында «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» тақырыбы талқыланған. Онда «Жаңару» қозғалысының облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев жастарға адалдық, әділдік және жауапкершіліктің маңыздылығын атап айтып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға әсері және оны болдырмау жолдары туралы әңгімеледі.
– Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен студенттермен «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Цифрлық гигиена» және «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында да кездесу өтті. Оған облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері, криминалистика бөлімінің басшысы, полковник Мақсат Байдалиев және ұйымдастырубақылау басқармасының басшысы Ержан Кенжебаев қатысты. Спикерлер дроппинг, интернет-фишинг, жалған сайттар мен әлеуметтік желілердегі алаяқтықтың түрлері тура лы айтып, нақты мысалдар келтірді. Студенттерге жеке деректерін қорғау, сенімді құпия сөздер орнату, екі факторлы аутентификацияны қолдану және күмәнді сілтемелерден аулақ болу бойынша пайдалы кеңестер берілді. Заң және тәртіп – бала кезден қалыптасатын құндылық. Тәрбие тал бесіктен басталады. Заңды құрметтеу, жауапкершілікпен әрекет ету, үлкенді сыйлау, өз құқығы мен міндетін білу – болашақ азаматтың мінезін қалыптастыратын басты ұстанымдар. Бүгінгі дұрыс бағыт – ертеңгі қауіпсіз қоғамның іргетасы. Заңды білу – мәдениет. Заңды сақтау – тәртіп. Тәртіп бар жерде тұрақтылық бар. Бүгінде жасөспірімдер мен жастарды «жеңіл ақша» уәдесімен закладчик болуға тарту жиілеп кетті. Бірақ оның артында есірткі саудасы, ауыр баптар, өмірді бұзатын қателік тұр. Закладчикке айналу – өз болашағыңды қылмысқа байлау. Қылмыстық кодексі бойынша жаза – бірнеше жылға бас бостандығынан айыру. Тәрбие тал бесіктен, баланы дұрыс ақпаратпен қорғау, қауіпті ұсыныстардан сақтандыру – әр қоғамның міндеті. Заңды біл, тәртіпті ұстан, болашағыңды қорға дейміз барлық жастарға. Сол секілді лудомания да өміріңді құртуға апаратын тәуелділік екенін ұмытпаған жөн. Бүгінде жасөспірімдер мен жастар онлайн-казино, ставкалар мен құмар ойындарға тез кіріп кетуде. Олар «жеңіл жолмен ақша табамын» деп ойлайды, бірақ нәтижесінде қарыз, алаяқтық, жанжал және заң алдындағы жауапкершілікке тап болады. Лудомания–психологиялық тәуелділік. Құмар ойындар көп жағдайда құқық бұзушылыққа, отбасылық мәселелерге және қаржылық күйреуге әкеледі. Саналы тәрбие мен заңды құрметтеу – қауіпсіз қоғамның негізі. Жастарды құмар ойынның қақпанынан сақтандыру – әрқайсымыздың міндетіміз, – дейді университеттің тәрбие және әлеуметтік істер бойынша проректоры Мақсат Мұсабеков.
Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында аталмыш университетте облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері профессор оқытушылар құрамымен бірлесіп кездесу өткізген. Кездесуге аға инспектор, полиция майоры Жанар Қозыбакова, инспектор, полиция аға лейтенанты Надира Арапбаева, Тараз қаласы ПБ 1-ПБ қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлықзомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты Зарина Мейрамбекова қатысқан.
Жиын барысында Мақсат Несіпжанұлының қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіп-қатерді ерте анықтау, халықпен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері және бөлімдер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланған. Кездесу тәжірибе алмасуға, құқық қорғау органдары арасындағы үйлесімді жұмыс пен қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы – қарымды қадағалаудың жемісі
- 6 желтоқсан, 2025
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




