Жуырда Астанада алғаш рет өткен ауыл әкімдерінің форумында Президент бұл мәселеге арнайы тоқталып, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әкімдердің рөлін жан-жақты бағалау қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы бұған дейін де ауыл әкімдерінің мәртебесін нақтылау туралы ұсыныстар бірнеше мәрте көтерілгенін, тіпті Президент Әкімшілігіне тиісті өтініштердің түскенін айтты.
Бұл ауыл әкімдерінің жұмысындағы қордаланған мәселелерді шешуге деген қоғамдық сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Сол алқалы жиында Президент Үкіметке, Парламентке және Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бір ай ішінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Бұл – ауыл әкімдерінің санатын айқындау, олардың қызметтік өкілеттіктерін белгілеу әрі материалдық-техникалық қамтамасыз ету тетіктерін жаңғырту бағытында нақты қадамдар жасалатынын білдіреді.
Ауыл әкімдіктерінің қызметкерлерін қолдау – мемлекеттің өңірлік саясатындағы басты басымдықтардың бірі. Өйткені ауыл – елдің тірегі, ал ауылдағы басқару жүйесінің сапасы сол өңірдің даму қарқынына тікелей ықпал етеді. Бұрын да, қазір де ауыл әкімдіктерінде еңбек етіп жүрген қызметкерлер бұл саланы «мемлекеттік қызметтің нағыз өмір мектебі» деп бекер атамайды.
Расында да, ауылдағы мемлекеттік басқару тәжірибесі қызметкерден жан-жақты білімді, мәселені жедел шешу қабілетін, халықпен тұрақты және сенімді байланыс орната білуді талап етеді. Ауыл әкімдері мен мамандары – билік пен халық арасындағы алтын көпір десем артық айтқандық емес. Себебі күн сайын тұрғындардың мәселесін тыңдап, нақты проблемалармен бетпебет кездесудеміз. Осындай күрделі де жауапты қызметте кәсіби өсуге мүмкіндік жасау – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың маңызды тетігі. Сондықтан ауыл әкімдерін оқыту, олардың біліктілігін арттыру және кадрлық резервті нығайту – бүгінгі күннің қажеттілігі.
Президенттің форумда айтқан ойлары мен тапсырмалары–ауыл әкімдерінің мәртебе сін көтеруге бағытталған жаңа реформалардың негізі болмақ деген ойдамын. Бұл реформалар ауылдық жерлерде мемлекеттік басқарудың жаңа сапасын қалыптастырып, өңірлердің дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Яғни, ауыл әкімдерінің қызметін қолдау – мемлекет үшін стратегиялық маңызды міндет. Себебі ауылды дамыту – елді дамытудың ең тиімді жолы. Ал ауылдағы нақты өзгерістер сол өңірдің басшысы мен оның командасының кәсібилігіне тікелей байланысты.
Осы тұрғыдан алғанда, ауыл әкімдерінің мәртебе сін заңнамалық тұрғыдан бекіту, олардың қызметтік жағдайын жақсарту – еліміздің басқару жүйесін жаңа сапалы деңгейге көтеретін маңызды қадам болмақ.
Мұхтар МАМЫШЕВ
Қостөбе ауылдық округінің әкімі.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы – қарымды қадағалаудың жемісі
- 6 желтоқсан, 2025
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




