Кезекшілік – тәулік бойы
Қысқы мезгілде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы жедел әрекет ету мақсатында Қордай ауданы аумағындағы (жаңа және ескі Қордай асуы) Алматы–Шымкент– Термез автожолының 158-шақырымында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Осы мақсатта төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұзынағаш гарнизоны №28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды.
Бүгінде жеке құрам мен жоғары өтімді техника аталған бекет ғимаратында орналастырылып, тәулік бойы бірлескен кезекшілік жүргізуде. Бұл шара азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, боран, көктайғақ, жолдың жабылуы секілді қолайсыз ауа райы жағдайларында жедел әрекет етуге бағытталған.
Қауіпсіздікті сақтау – маңызды
Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, өрт сөндіруші-құтқарушылар және «Аманат» еріктілер қоғамының мүшелері бірлесіп, қаладағы адамдар көп шоғырланатын сауда орындары мен орталықтарында кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Шараның негізгі мақсаты – сауда нысандарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту. Құтқарушылар «Ауыл – Береке», «Бек», «Омар ата», «Қайқармет» сияқты ірі сауда орындарын аралап, қауіпсіздік талаптарының орындалу деңгейін тексерді. Сауда орындарының әкімшілігі де аталған жұмыстарға белсене қатысып, өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттық материалдарды таратуға көмектесті.
Тұрғындарға эвакуациялау жолдары, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, электр құрылғыларын дұрыс қолдану және басқа да қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Осындай бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғаса бермек.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




