Қазіргі қоғамда сөз бостандығы бар, ойыңды ашық айтуға еркіндік берілген. Сонымен қатар іс-әрекетке де тыйым салынбаған. Осы еркіндікті шіркін-ай жақсы жаққа қарай жұмсай алсақ қой. Шариғат та ізгі амалдарды, қарапайымдылық пен асыл қасиеттерге бай болуды құптайды. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде де айтатын ой-пікірге шектеу қойылып жатқан жоқ. Бірақ жазбалардың дені өсек-аяң, арзан ойдан аспай жатыр.
Жақында 54 жастағы танымал әншінің жас әншіні аямай сабағаны айтылып, елдің назарын аударды. Осы жасқа келгенде танымал әншілердің жасайтын істері де салиқалы, салмақты болса дейсің. Отыз жыл ауызына бүкіл ел қарап, салған әнін тыңдаған азамат емес пе? Тәрбие мен тағылымын көрсететін уақытта өзінен кейінгілерге күш көрсетіп не көрінді? Қазіргі таңда тойлардағы музыкалар да мәнсіз, оған билеп ойнақтағандар да арсыз әрекет жасайтын болды. Тіпті 80 жастағы аталар мен әжелер арзан әуенге билеп жүр. Ал 40 пен 50 жастың арасындағы ағалар мен жеңгелер ұятты жиып, жалаңаштанып билейтінді шығарды. Тойға жиналған 500 адамнан да айылымызды жимайтын болдық.
«Біздің жасымыз 75-те. Тойларға шақырған соң барамыз. Имандылық – ізгі амал. Сол ізгілігіміз тойдың үстінде де көрініп тұрса дейміз. Бірақ тойдан әдептің әлемін көрмей, имандылық ізін де таппай қайтып жүрміз. Керісінше, арсыз қимыл, арзан ойын көбейіп барады. Қазақтың құндылықтарын, дәстүрлерін қамтып, соларды өзінің ойымен байытып, тойға қосса болмай ма? Жастарға да әсері болар еді. Қазір өкінішке қарай керісінше болып тұр. Асабалар осы жағын ескерсе», – дейді таластық Бейсенкүл Несіпбай.
Бүгінде шүкір имандылық ошақтары көп. Қалада да, далада да зәулім мешіттер салынып, сауат ашу курстары ашылып жатыр. Ата-аналар баласын имандылық жолында тәрбиелеймін десе, мүмкіндік көп. Оның енді екінші жағы да алаңдатады. Ата-ана баламды мешітке жақындатсам, басқа ағымға түсіп кетеді деп ойлайды. Бірақ Құран әріптерін үйренсе, имандылық әдебінен сабақ алса несі жаман?! Сол баланы ата-ана қадағалап отырса болды.
Кейбір әкелер мешітке баласымен бірге барса да болады. Мешіт әр адамның үркіп, қорқатын жері емес. Күн сайын болмаса да Айт мерекесінде, Наурыз мерекелерінде баланы имандылық үйіне апарып, сол жерде өтіп жатқан ұлағатты іс-шараны көрсету қажет деп ойлаймын.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




