Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- author «Ақ жол»
- 4 желтоқсан, 2025
- 151
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіру бойынша 9 инвестициялық жоба қолға алынды. Денсаулық сақтау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш ай ішінде барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтап, инвесторлармен келісімдердің жасалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
«Дәрі-дәрмекке баға белгілеудің жаңа цифрлық жүйесі фармацевтикалық нарықтағы барлық қатысушылар үшін бірыңғай ережелерді бекітті. Биыл препараттарға бағаны төмендетудің арқасында мемлекет дәрілерді сатып алуда 36 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеді. Бұл қаражат халықты қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталады. Сатып алу бағаларының төмендеуі өндірушілер мен жеткізушілерге ұнай бермейтіні түсінікті. Бірақ біз азаматтарымыздың мүдделерін басшылыққа алуымыз керек. Дәрілер әділ бағамен сатып алынады. Отандық фармацевтикалық өндірушілерге айтарым, біз сіздерді әрі қарай да қолдаймыз. Оған ешқандай күмән болмасын. Бірақ мемлекеттік қолдау шаралары сапалы медициналық өнімді жеткізетін және бағаны жасанды түрде өсірмейтін нарықтың адал қатысушыларына ғана көрсетіледі», – деп атап өтті Премьерминистр.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылға арналған препараттарды сатып алу жаңартылған жүйе бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. Дәрі-дәрмектердің кең тізімінің құнын төмендету нәтижесінде айтарлықтай бюджеттік тиімділікке қол жеткізілген. Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттар бойынша бағалар 50 пайыздан 300 пайызға дейін төмендеді. Бұл, ең алдымен, онкологиялық препараттарға қатысты. Мысалы, Иматиниб дәрісі бойынша баға 9450 теңгеден 2348 теңгеге төмендеді, ал Бевацизумаб дәрісінің бағасы 360 мыңнан 77 мыңға дейін төмендеді.
Сонымен қатар дәрі-дәрмектер өзге де профильдер бойынша айтарлықтай арзандады. Осылайша, антибиотик Цефепим бойынша бюджетті үнемдеу 174 миллион теңгені (–40 пайыз), ал иммунобиологиялық препарат Экулизумаб бойынша – 424 миллион теңгені (–18 пайыз) құрады. Ең жоғары бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ететін ТОП-10 препаратқа Бевацизумаб, Иматиниб, Сорафениб және Сунитиниб сияқты препараттар кірді. Сондай-ақ Инсулин деглудек, Метотрексат, Элтромбопаг, Будесонид және Йопромид бағасы айтарлықтай төмендеді. Өзгерістер бөлшек сауда нарығына да әсер етті. 4900 дәрі-дәрмектің бағасы қайта қаралды. Қазан-қараша айларында дәріханалардың мониторингі танымал препараттардың құны орта есеппен 12 пайызға төмендегенін көрсетті. Мысалы, «Цефапс» препараты 31 пайызға, «Зитмак» – 20 пайызға, ал «Ревмоксикам» – 32 пайызға арзандады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, негізгі отандық өндірушілер жаңа ережелерге бейімделіп, дәрідәрмектер желісінің бағасын төмендетіп үлгерген. Үнемделген қаражаттар ең алдымен алғаш рет анықталған пациенттердің қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жалпы алғанда, жаңа баға белгілеу моделі тұрақты және болжамды нарықты қалыптастырып, жеткізу қауіпсіздігін нығайтады және сыртқы баға ауытқуларына тәуелділікті төмендетеді. Министрлік қол жеткізілген нәтижелерді бекіту бағытында жұмысты жалғастырады.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ата-анасы бастаған кәсіпті баласы жалғастыруда
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




