«Этно ауыл» кешені – халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін, жас ұрпақтың руханиадамгершілік тәрбиесін нығайтатын мәдени орта. Салтанатты шарада Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, ауыл ақсақалы Сасайбек Жанысбеков сөз алып, «Этно ауыл» кешенінің жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені сіңірудегі маңызын атап өтіп, жобаны іске асырған ұжымға алғыстарын білдірді.
Бұдан соң ардагер ұстаз Мырзакәрім Құлақметов және ауыл ақсақалы Сас айбек Жаныс беков ашылу лентасын қиып, ақжаулықты әжелер тәттіден шашу шашты. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарлығаш Қадырқызы мен шәкірті, мектеп президенті Ахмат Ақниет қонақтарды кешен ішіндегі құндылықтар, этномәдени экспозициялармен таныстырды.
Сонымен қатар «Өнегелі әжелер» тобының орындауындағы «Ауылым» әні іс-шараға көрік қосты. Мектептің домбырашылар ансамблі «Ертұран» күйін орындап, ұлттық өнердің үнін асқақтатты. «Этно ауыл» кешенінің ашылуы – ұлттық тәрбиені жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Бұл орталық жас ұрпақтың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды тануына және ата-баба мұрасын құрметтеуге зор үле с қосады.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




