Қазір де солай. Билер кеңесі шиеленіскен кикілжіңдер мен түсінбеушіліктерді дер кезінде назарға алып, дауласқан тараптарды бітімгершілікке шақырып, жанжалдарды сотқа жеткізбей шешуді жауапкершілікке алған. Ең бастысы соңғы жылдары бұл әрекет өз нәтижесін беруде. Аудандық билер кеңесі ел арасындағы келеңсіздіктердің алдын алып, халықпен тығыз байланыстың арқасында адамдар ынтымағын ұйытуға атсалысып келеді. Кеңес құрамында Рахымбек Жапаров, Ошақбай Ибраимов, Сабри Асанов, Тілеухан Маршев, Сембек Пірімқұлов сынды өмірден көрген-түйгені мол, көпшілік алдында өзінің ой-пікірін еркін білдіре алатын, әділ шешім қабылдауға қабілетті, халықтық қалпымыз бен ұлттық салт-дәстүрлерімізді жетік білетін, құқықтық негіздерді бір кісідей меңгерген белді де беделді ардагерлер бар.
Бұған қоса, өңірдегі 13 ауылдық округтің әрбірінде 3 азаматтан тұратын билер кеңесінің құрамы бекітілген. Бәрінің мақсаты – ұрпақ сабақтастығын сақтап, жастарға өмірлік өнеге беру, тұрғындарды береке мен бірлікке шақыру, түрлі жағдайларда орын алатын қылмыс пен құқық бұзушылықты, ажырасу, тұрмыстық зорлықзомбылықты болдырмауға атсалысу. Келеңсіз істі ушықтырмай, уақытында оң шешуге араласып, құзырлы органдардың жұмысын жеңілдетуді жергілікті билер негізгі міндет деп есептейді.
Биылғы жылдың 11 айында аудандық сотпен бірлесіп қаралған істер нәтижелі болды деп сеніммен айта аламыз. «Азаматтық» құқықтық істер бойынша 117 істің 98-і, «Еңбек» құқықтық істер бойынша 35 істің 19-ы және «Отбасылық» құқықтық істер бойынша 124 істің 110 - ы оң шешімін тапты. Бұл ретте істердің дауласушы тараптардың татуласуымен аяқталғанын баса айтқан ләзім.
Ауданда батагөй қариялар қатысатын «Батаменен ел көгерер» аты байқауда биыл Қызылқайнар ауылдық округі билер кеңесінің төрағасы Бегалы Сқақов жеңімпаз атанды. Қордай ауданында өткен облыстық батагөйлер байқауына барып, Бегалы ақсақал жүлделі екінші орынды иеленді.Тағы бір айта кетерлігі, аудандағы шешендік өнер іс-шарасына белсене қатысып жүрген Самал Байкеева биыл облыста өткен «Шешендік өнер – асыл қазына» атты дөңгелек үстел отырысында ойының озықтығымен көзге түсіп, алғыс алып қайтты.
Әлбетте, жергілікті тұрғындар арасында туындаған даулы мәселелерді шешуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда билердің әділдігі мен турашылдығы, ақылы мен сабыры аса қажет. Қоғамда кездесіп қалатын келіспеушілік жағдайларды реттеп, сотқа жеткізбей шешуге ұйытқы болып жатсақ, онда мақсатымыздың орындалғаны деп есептейміз. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық болмысымызға, елдік мәселелерге мән беріп, ел-жұртты татулық пен бірлікке шақырғанымыз абзал.
Батырбек САРШАЕВ
аудандық Билер кеңесінің төрағасы.
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




