«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады

Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
Автор
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысында өңір медицинасын дамытуға қатысты маңызды мәселелер қаралды. Сондайақ, кеңесте денсаулық сақтау нысандарындағы күрделі жөндеу, цифрландыру үдерісін жеделдету, жасанды интеллектіні енгізу, аудандарда телемедицина арқылы онлайн-консультациялар санын арттыру мәселелері талқыланды.

Жиынды кеңес төрағасы Махметғали Сарыбеков ашып, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбектің аудан бойынша мәліметтер берді. Оның айтуынша, ауданда 12 медициналық нысанды жөндеу көзделген, соның ішінде 8 нысанның жұмыстары аяқталған. Алайда, 20 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген аудандық орталық аурухана жоспарда жоқ болып шықты. Оның себебі бұл нысанның аумақтық іс-шаралар тізіміне енбеуіне байланысты. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаевтың баяндамасы тыңдалды. Кеңес мүшелері интернет сапасының төмендігі, цифрлық инфрақұрылым мен бейнебақылау жүйелерінің жеткіліксіздігі секілді мәселелерге назар аударып, нақты ұсыныстарын білдірді.

– Денсаулық сақтау нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша 2025 жылға жоспарланған 2 нысан. Атап айтқанда, Меркі аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімі (литер В) – 2022 жылы толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым – «СтройЖолСервис KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобаның құны 69 127837 теңге. Жоба бойынша ғимараттың /литер В/ ішкі әрлеуі жаңартылды: ішкі қабырғалары, төбелері алкидті жуылатын бояумен әрленді, дымқыл үй-жайлар керамикалық плиткалармен қапталды, еден жабындары керамикалық плиткалармен және линолеуммен ауыстырылды, металл есіктер мен ПВХ есіктері ауыстырылды. Су, кәріз, электр жүйелері жаңартылды. Реанимация бөлімшесінде палаталардағы медициналық консольдерге оттегі құбырлары тартылды. Сондай-ақ, хирургиялық бөлімшенің операциялық бөлмесіне консольдерге оттегі құбырлары жүргізілді. Аудандық орталық ауруханасы (115 төсек орындық) тозу деңгейіне байланысты қайта жаңғыртуды талап етеді. Сондықтан, 2,3 миллиард теңгеге «Арнайы мемлекеттік қордан» қаржы қарастыру бойынша ҚР ДСМ бюджеттік өтінім 2026 жылға ұсынылды (19.05.2025ж. №09-3379). Нысанды қайта жаңғырту үшін 2,6 миллиард теңге қажет. Сонымен қатар 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстары 12 медициналық ұйымдарда 1486727 мың теңгеге жоспарланған. Бүгінгі күнге 8 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 3 нысан келісімшартқа сәйкес жыл соңына дейін аяқталады және 1 нысан 2026 жылға өтпелі. Облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасын цифровизациялау бойынша стансасының Call-орталығы 1-қабатта орналастырылған және шақыртулар «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесімен (АСУ) жабдықталған. Call-орталық «103» желісі бойынша 13 кіріс нөмірімен, сондайақ халыққа кеңес беру үшін қосымша стационарлық және мобильдік телефондармен (43-76-78), консультациялар (54-99-56), аға дәрігер (34-84-36) қамтамасыз етілген. Облыс бойынша барлық «103» шақыртулары жедел медициналық жәрдемнің облыстық стансасының базасында орталықтандырылған. Шақыртуларды 13 диспетчер қабылдайды, олардың барлығы шақыртуды қабылдау және «қоңырауды ұстап тұру» тәсілі бойынша оқытылған. «Қоңырауды ұстап тұру» әдісі арқылы өмірге қауіп төндіретін жағдайларда соңғы 3 жылда барлығы 3005 қоңырау ұстап қалу жүргізілді (2022 ж. – 575, 2023 ж. – 1402, 2024 ж. – 1032). Автоматтандырылған жұмыс орны – бұл жедел медициналық жәрдем дәрігерлерін жеке смартфондармен жабдықтау. Шақыртуға арналған электрондық картасына, яғни 2023 жылдан бастап толықтай электрондық құжаттандыруға көштік. Электрондық шақыру картасын толтырудың барлық кезеңдері дерлік автоматтандырылған: науқас туралы бастапқы ақпаратты, оның шағымдары мен жағдайын енгізуден бастап диагноз қою және кейіннен өңірлік және облыстық деңгейдегі сыртқы жүйелерге беруге дейін. Дәрігер немесе фельдшер науқастың шақыру картасымен жұмыс істей алады және дәрі-дәрмек шығынын есептейді, тіпті байланыс болмаған жағдайда да. Сигнал қалпына келген кезде мәліметтер сервермен синхрондалады. 2023 жылы жедел медициналық көмек бригадаларына 10 дана видео-аудио тіркеуші сатып алынды. Бұл құрылғылар қызметкерлерді пациенттер мен олардың туыстарымен туындауы мүмкін даулы жағдайларда қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тіркеуші құрылғылар өздері де қызметкерлер үшін белгілі бір тәртіпті қамтамасыз ететін факторға айналды. Сонымен қатар медициналық көмек көрсету сапасын бақылау мүмкіндігі туады, – деді Ерік Мұсабаев.

Сонымен қатар баяндамашы 2025 жылы «Адам қауіпсіздігі институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері екі санитарлық көлікте пилоттық жоба аясында видеожетондар мен видеорегистраторларды орнатқанын атап өтті. Жоба медициналық қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге және медициналық персонал мен пациенттердің қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған. Облыста 2025 жылғы 17 ақпаннан бастап жасанды интеллектінің қолданылуымен телерадиология жобасын кешенді енгізу жұмыстары басталды. Жоба «Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «WDSOFT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында өзара келісімшарт негізінде жүзеге асырылды. Жасанды интеллектіні қолдана отырып, радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру бойынша ТМД үшін бірегей жоба енгізілді. Жүйе 33 медициналық ұйымды бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіреді және қашықтықтан диагностиканы қамтамасыз етеді, бұл аймақ тұрғындары, соның ішінде шалғай аудандар үшін зерттеулердің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай арттырады. Облыстық онкологиялық орталық базасында жасанды интеллект сүт безі обыры мен өкпе обырын ерте анықтау үшін қолданылады. Жасанды интеллект маммография мен өкпенің рентгенографиясын автоматты түрде талдайды, күдікті өзгерістерді атап өтеді және дәрігерлерге ісіктерді 1 миллиметрден ерте анықтауға көмектеседі, ал адам көзі тек 5 миллиметрден таниды. Бұл емдеуді уақытылы бастауға мүмкіндік береді және науқастардың толық қалпына келу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Жоба адам факторының әсерін 95 пайызға дейін төмендетеді, суреттерге жедел қол жетімділіктің арқасында диагностикалық уақытты қысқартады, сонымен қатар аймақтағы рентгенологтардың жетіспеушілігін шешеді. Пациенттер үшін бұл зерттеу нәтижелерін тезірек және қайта барудың аз болуын және тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы диагноз қоюды білдіреді. Енгізу басталғаннан бері 9272 сүт безін зерттеу жүргізілді, оның ішінде 2074 жағдайда патология жасанды интеллект көмегімен анықталды. Соңғы екі айда AI көмегімен сүт безі қатерлі ісігінің 0-1 сатысында 3 жағдайы белгілі болды. Облыс бойынша өкпеге 10705 флюорографиялық және рентгенологиялық зерттеулер жүргізілді, 2550 жағдайда зияткерлік жүйенің қатысуымен патология анықталды. Пневмония машинасының таным жүйесі арқылы 1200 адамға зерттеуден өткен. Бұл технологияның жоғары тиімділігін және оның пациенттерге тікелей пайдасын растайды. Жоба онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар және ЖИ дамыту тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылуда, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде денсаулық сақтауды цифрландырудың табысты үлгісі ретінде ұсынылған. Халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсету. Бұл жобаны енгізу кезінде облыстың медицина мамандарын оқыту жұмыстары кезең кезеңімен жүзеге асырылды, бүгінге дейін жалпы 204 медицина қызметкерлері жасанды интеллектімен жұмыс істеуін оқыған, оның ішінде 51-і дәрігер, 153-і орта буын қызметкері. Облыстық онкология және хирургия орталығында ситуациялық орталық ашылды. Алдағы уақытта, «WDSOFT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жекеменшік медициналық ұйымдарға енгізу туралы ұсыныс берілді, қарастырып тиісті шешімге келген уақытта енгізуді жоспарлап отырмыз. Әлемдік тәжірибе телемедицина саласы денсаулық сақтау ісінің заманауи моделінің ажырамас бөлігі ретінде тиімді екенін көрсетіп отыр. Телемедицина тұрғылықты жеріне және жергілікті жерлерде бейінді мамандардың болмауына қарамастан медицина көмегінің үздіксіз, қолжетімді және сапалы болуын қамтамасыз етеді. Бұл – ауылдық және шалғай аудандар үшін ерекше маңызды бағыт. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 101-тармағына сәйкес облыста «Онлайн медицина» пилоттық жобасы ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап жүзеге асырылуда. Аталған жобаны іске асыру мақсатында басқарма тарапынан тиісті бұйрық жобасы мен жол картасы әзірленіп бекітілді. Пилоттық жобаны қолданысқа енгізу үшін басқарма мен «MED365» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында меморандум жасалды. Бұйрық жобасына сәйкес, пилотқа Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы (6 шалғай жатқан медициналық ұйымдар олар: Бірлік, Шығанақ, Жамбыл дәрігерлік амбулаториялары, Құмөзек, Хантау, Мирный фельдшерлік-акушерлік пункттері, Кушаман, Қарабөгет, ст.Мыңарал медициналық пункттері) және №5 қалалық емханаға қарасты УЖД 58,59 мекемелері енгізілді. Жоғарыда аталған ауылдардың халқы қашықтан қызмет көрсету кезінде, облыстық орталыққа келмей қызмет алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге 215 науқас тексеруден өткізілсе, 259 қызмет онлайн көрсетіліп, 940 диагностикалық зерттеулер жасалған. Бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табады, – деді Ерік Мұсабаев.

Сондай-ақ, жиында сөз алған партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уалихан Болатбек өңір үшін аса өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттердің және құқық бұзушылықтардың көбеюі екендігін алға тартты.

«Бұл – бір ғана саланың емес, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдары және жергілікті атқарушы биліктің бірлескен кешенді жұмысты талап ететін күрделі әлеуметтік проблема. Сондықтан аталған мәселе күн тәртібінен түспеуге тиіс. Кеңес мүшелері алдын алу ісшараларына қатысып, ата-аналармен тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтуге атсалысу қажет. Білім беру саласына қатысты – инклюзивті білім беру мәселесі де кеңестің басты назарында болуы керек. Арнайы ресурстық орталықтардың жұмысына тұрақты мониторинг жүргізу керек. Денсаулық сақтау саласы бойынша тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру кеңестің бақылауында болса», – деді ол өз сөзінде.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Ұқсас жаңалықтар