Қаратау қаласында «Ауыл аманаты» жобасы аясында табысты кәсіпкерлік бастама жүзеге асуда. Жергілікті тұрғын Мақсат Абдалиев Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2,5 пайыз жеңілдікпен 3 миллион теңге несие алып, жалпы 90 шаршы метр аумақта жылыжай салып, қияр өндірісін жолға қойған. Жылыжай заманауи тамшылатып суғару жүйесімен жабдықталған. Мақсат Серікұлы жобаны жұбайы Арайлым Бақытқызымен бірге дамытып келеді.
Биыл алғашқы өнімдерін жинап, сатуға да қол жеткізді. Қаратау қаласында осындай ілкімді істердің артуы өңірдің экономикалық дамуына айқын үлес қосады. Әкімшілік тарапынан да кәсіп иелерін қолдап, олардың жаңа бастамаларына жанжақты қолдау көрсету ойластырылуда. Жылыжай жұмысы жеңіл емес. Ол да істің көзін тапқан адамға пайдасын береді. Мақсат Серікұлының мұндай қадамға тәуекел етуі кездейсоқ нәрсе емес. Оның анасы Ұлмекен де бау-бақша, көкөніс өсірумен айналысқан екен. Ұлмекен апа өмірден озып кетсе де, перзенттері сауапты ісін жалғастырып жатқан жағдайы бар. Әкесі Серік Абдалиев те көлік жүргізуші болып үнемі ауыр жұмыстан қашпаған. Сондай еңбекқор қасиет Мақсаттың да бойынан табылып отыр. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттырып, қосымша 4-5 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
– Қаратау қаласында тұрсақ та бау- бақша өсіруге мүмкіндігіміз бар. Оның үстіне мемлекет тарапынан «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайызбен несие берілуі жұмыстың жақсы жүруіне ықпал етті. Өзім де осы жоба арқылы қаржыланып, жұмысты бастап отырмын. 2,5 пайызбен берілген несие жалғыз маған емес, көптеген азаматтарға қолдау болды. Мемлекет тарапынан дер кезінде берілген көмек болды деп айта аламын. Қазір біз өз жылыжайымызда өсірілген қиярды Қаратау қаласындағы бірнеше дүкенге өткеріп отырмыз. Одан бөлек үйден алып кететіндер де бар. Бағасы екі тарапқа да тиімді. Нарық заманының бір құндылығы – баға. Бұл қойылған баға адал еңбектің өтеуі. Біздің жұмысымызды аудан, қала әкімдері қолдап, назар аударып жатыр. Жұмысымыз алға жылжып жатса, тағы да бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтысақ деген ниетіміз бар. Бұл жұмыс – таза қолдың еңбегі. Жұмысшыға төленетін жалақы да жақсы. Әкеміз бен анамыз атқарған істі жалғастырып жүргеніме де қуанамын. Қазір мектептің жоғары сыныптарында оқитын қызым мен ұлым қолқанат болуға жарап қалды. Бір жағынан ұл-қызымды жас кезінен еңбекке баулуыма да осы жылыжайдың әсері мол болып тұр, – дейді Мақсат Серікұлы.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




