Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- author «Ақ жол»
- 2 желтоқсан, 2025
- 258
Бақытжан КӨПБАЕВ, журналист:
– Ербол Шырақпайұлы, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы таяуда баспасөз турын ұйымдастырды. Сол кезде өңірде жаңадан ашылған және салынып жатқан өндіріс ошақтарын көзбен көрдік. Өңірдің әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіштерінен де хабарымыз бар. Енді сауалға көшсем. Біршама уақыт бұрын Тараз қаласындағы теміржол вокзалы жөндеуден өткізілген еді. Қазір қайтадан жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр екен. Қыс мезгілі келді. Жолаушыларға қиындық туғызбайды ма?
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, облыс әкімі:
– Иә, бұл мәселе бірнеше мәрте көтерілген болатын. 2022 жылы ҚТЖ тарапынан қаражат қарастырылып, Тараз теміржол вокзалы ағымдағы жөндеуден өткізілген. Алайда мердігер мекеме жөндеу жұмысын сапалы орындамаған. Сондықтан осы жылы вокзалды қайта жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде барлығы заманауи талаптарға сәйкестендіріледі. Менің ойымша Тараздағы теміржол вокзалын жаңарту жұмысы өте қажет. Бұл жұмысты қазір бақылауға алдық. Заманауи материалдарды пайдаланып, жаңғырту ісі дұрыс жүргізіледі деп ойлаймын.
– Жамбыл ауданына қарасты Қапал елді мекенінде бастауыш мектеп бар. Балалар бастауыш сыныпты бітірген соң көрші ауылға барып оқиды. Тұрғындар «Қыс мезгілінде ымырт үйірілгенде балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдаймыз. Жергілікті билік орта мектеп саламыз деп уәде берген еді» дегенді алға тартып отыр. Сондай-ақ ауылдағы медициналық пункт те шағын әрі талапқа сай емес секілді. Осы мәселелер қашан шешімін табады?
– Қапал ауылындағы бұл мәселеден хабарым бар. 80 оқушыға арналған мектептің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледік. Қазір тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Мектеп құрылысына қажетті 1,2 гектар жер телімін бөліп қойдық. Ал білім ордасының құрылыс жұмысын 2026- 2027 жылдарға жоспарлап отырмыз. Алдағы жылы бастап кетуге тырысамыз. Ауылдағы медициналық пункт 1978 жылы салынған. Ғимарат 50 адамға арналған. 2024-2026 жылдарға арналған жаңа құрылыс нысандарын салу жоспарына сәйкес жаңа ғимарат салу бойынша қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Құжат дайын болған соң қаржы тауып, жұмысты бастап кетеміз.
Байжүрек БАЯЗИТ, «31» арнаның редакторы:
– Жастардың жұмыспен қамтылуы – кез келген өңірдің әлеуметтікэкономикалық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі. Соңғы жылдары еңбек нарығындағы өзгерістер, цифрлық экономикаға көшу, біліктілік деңгейіне қойылатын жаңа талаптар жас буын үшін қосымша қиындықтар туғызып отыр. Облыста да бұл мәселе өзектілігін жойған жоқ. Аймақтағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі төмендегенімен, жастар арасындағы нақты жағдай терең талдауды талап етеді. Осы ретте өңірдегі жастардың жұмыссыздығын азайту мақсатында қандай жұмыстар жүргізілуде? Сондай-ақ соңғы жылдары облыста ажырасу фактісі көп тіркелген. Бұл туралы не айтасыз?
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, облыс әкімі:
– Біздің өңірде Қазақстан ғана емес, Орта Азия шеңберінде бағалы, заман талабына сай технологиялармен жабдықталған үлкен инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Облыста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында да тындырылған тірлік аз емес. Сондайақ жас отбасылардың жеңілдетілген пайызбен пәтер алуы үшін «Әулиеата жастары» бағдарламасы қарастырылған. Бағдарлама аясында осы жылы 140 отбасы баспаналы болды. Әлбетте, елді мекендер мен қалаларда тұратын жастардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұнда жастардың басым бөлігі өздерін тапқысы, дамытқысы келеді. Сондықтан бізде бұл мәселеге қатысты кешенді көзқарас бар. Жалпы 2-3 жылдың бедерінде қалыптасқан тенденцияны бұзу мүмкін емес. Алайда біз негіз қалап жатырмыз. Өңірде ілгеріде болмаған индустриалды жобалар қолға алынған. Мыңдаған жұмыс орындары құрылуда. Сондай-ақ жоғары оқу орындарында қажетті мамандарды дайындау бойынша жұмыс қолға алынған. Сондықтан бұл мәселе тұрақты қадағалауымда деп айта аламын. Ал аймақта ажырасу мәселесіне келер болсақ, бұл – тек өңірге тән үрдіс емес, бүкіл республикада байқалып отырған құбылыс. Біз мәселені шешу үшін бірнеше бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, «Отбасы орт а лығы» арқылы жыл с айын мыңдаған жұпқа психологиялық кеңес беріледі. Жас отбасыларға әлеуметтікпсихологиялық қолдау көрсету жүйесі күшейтілді. Сонымен қатар мектептер мен колледждерде ата-аналарға арналған тренингтер ұйымдастырылып, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында арнайы бағдарламалар іске асып жатыр. Айта кету керек, арнайы мамандардың зерттеуінің нәтижесінде кейбір ажырасулар фейк болып шықты. Бұл дегеніміз, бірқатар отбасылар үй алу мақсатында бағдарламаларға қатысу үшін жалған ажырасу фактілері көптеп тіркелген екен. Осы мәліметті де назардан тыс қалдырған жоқпыз.
Серік ДӘРМЕНҰЛЫ, «31» арнаның тілшісі:
– Жасөспірімдер арасындағы суицид – қоғам үшін ең күрделі әрі ең ауыр әлеуметтік мәселелердің бірі. Соңғы жылдары ел көлемінде ғана емес, Жамбыл облысында да кәмелетке толмағандар арасындағы өз-өзіне қол салу әрекеттері жиілей түскені алаңдатып отыр. Облыста мұндай олқылықтарды жою үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, облыс әкімі:
– Әрбір оқиға – бөлек трагедия. Негізгі себептер – отбасындағы дағдарыс, интернеттегі зиянды контент, эмоционалдық қолдаудың жетіспеуі болып отыр. Аталған оқиғаға байланысты жұмысшы топ құрылып, жоғары сынып оқушылары мен колледждердегі білімгерлерден анонимді сауалнамалар алынды. Алты мыңнан астам студент және 60 мыңнан астам оқушы арнайы сауалнамаға қатысып, олардың көңіл-күйі, әлеуметтік жағдайы, психологиялық ахуалы зерттелді. Мұндай мониторинг жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерді ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Мектептерде психологтардың саны көбейіп, тәуекел тобындағы балаларға жеке бақылау күшейді. Сонымен қатар мектептерге жауапты учаскелік инспекторлардың да жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірде жасөспірімдер психологиясына қатысты қауіп факторлары зерттеліп, алдын алу бағытында бірнеше деңгейлі кешенді жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар педагогпсихологтардың біліктілігін арттыру, қауіпті мінез-құлықты танытатын белгілерді тану бойынша арнайы тренингтер ұйымдастырылған. Білім беру ұйымдарында суицидтің алдын алу жөніндегі бірыңғай алгоритм енгізіліп, мұғалімдерге нақты іс-әрекет жоспары ұсынылды. Облыста полиция департаментінің «тәуекел тобына» әлеуметтік жағдайы төмен, тәртібі бұзылған, мектепке баруы нашарлаған не отбасы жағдайы қолайсыз жасөспірімдер енгізілген. Олардың әрқайсысымен әлеуметтік қызметтер, мектеп психологтары, учаскелік инспекторлар жеке жұмыс жүргізуде. Мұндағы негізгі мақсат – жазалау емес, жасөспірімге қолдау көрсету, оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне мүмкіндік жас ау. Осы бағытт а отбасылармен де түсіндіру жұмыстары өткізіледі. Қажет болған жағдайда жасөспірімдер бейімдеу орталықтарына, арнайы білім мекемелеріне жолданады.
– Облыс соңғы жылдары еліміздің инвестициялық картасында қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Инфрақұрылымды жаңғырту, өндіріс орындарын көбейту, жаңа технологияларды енгізу және бизнеске қолайлы жағдай жасау – өңірдің инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай арттырды. Соның нәтижесінде өңіріміз сыртқы және ішкі инвесторлар үшін сенімді әрі тиімді аймақ ретінде қалыптасып, республика бойынша инвестиция тарту көлемі жөнінен алдыңғы орындардан көрініп отыр. Әсіресе шетелдік капиталдың, оның ішінде қытайлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асып жатқан жобалар өңір экономикасының жаңа бағыттарын ашып, өндірістік қуатты күшейтуге мүмкіндік беруде. Инвесторларға қандай да бір талаптар қойылады ма?
Биыл 10 айда облыс экономикасына 553,6 миллиард теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көп. Инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша өңір республикада үздік үштікке кірді. Тартылған қаражаттың негізгі бөлігі – 82 пайызы жеке сектордың үлесінде, бұл бизнестің өңірдегі экономикалық ахуалға деген жоғары сенімін көрсетеді. Жыл басынан бері 21 миллиард теңгенің 10 жобасы іске қосылып, 282 жұмыс орны ашылды. Ал 2025 жылға арналған жоспар бойынша 26 жобаны жүзеге асырып, 1,1 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген. Өңірге тартылған инвестиция көлемінің артуында қытайлық компаниялардың үлесі аз емес екендігі белгілі. Облысқа келетін барлық инвесторларға қай елден келгеніне қарамастан – талап бірдей. Ең бастысы: экологиялық нормаларды сақтау, еңбек заңнамасын бұзбау және жергілікті кадрларды жұмысқа алу. Биыл өңірге тартылған негізгі инвестициялардың шамамен 11 пайызы ғана Қытай капиталымен байланысты. Қалғаны – Қазақстан, Түркия, Еуропа және Ресей инвесторлары. Барлық жобалар ашық түрде жүзеге асады.
Шерхан АБЗАЛҰЛЫ, «24kz» редакторы:
– Аймақ үшін ағын су мәселесі жыл сайынғы өзекті тақырыпқа айналып келеді. Әсіресе былтырғы жылы тіркелген су тапшылығы өңірдің ауыл шаруашылығына, егін алқаптарына және тұрғындардың тұрмыстіршілігіне айтарлықтай ықпал етті. Су қоймаларындағы көлемнің азаюы, трансшекаралық өзендерден түсетін судың тұрақсыздығы, ескі каналдар жүйесінің тозуы – су тапшылығының негізгі себептерін тереңдетіп отыр. Ал биылғы су маусымына дайындық пен атқарылып жатқан шаралар – өңір үшін ерекше маңызды. Себебі ағын судың жеткілікті деңгейде болуы егіннің шығымдылығына ғана емес, жалпы өңірдің экономикалық тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Биыл жағдай қалай болды?
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, облыс әкімі:
– Биыл егістік шаруашылығы үшін оңай жыл болмағаны анық. Бізде 640 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Одан бөлек биыл күннің күрт жылынуы және жауынның аз түсуіне байланысты шаруалар су тапшылығын қатты сезінді. Сол үшін де вегетациялық кезеңге көшіп, бұл тұрғыда су үнемдеу технологиясын және жерасты суын тиімді пайдалануды бақылауда ұстап отырмыз. Вегетациялық кезеңде Жамбыл, Байзақ, Талас аудандарында су тапшылығы айқын сезілді. Биыл бұл мәселені болдырмау үшін бірнеше нақты шара іске асты. Біріншіден, су шаруашылығы нысандарын жөндеу үшін ре спубликалық бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, су қоймалары мен каналдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Майра ДЖИЕНГУЛОВА, «24kz» редакторы:
– Соңғы жылдары облыст а азық-түлік тауарларының бағасы тұрақсыздық танытып, бірқатар негізгі өнімдер бойынша қымбаттау үрдісі байқалуда. Нарықтағы бағаның өсуі тұрғындардың әлеуметтік жағдайына әсер етіп қана қоймай, өңірдегі экономикалық ахуалдың маңызды көрсеткіштерінің біріне айналды. Инфляциялық қысым, логистикалық шығындардың артуы, жанар-жағармай бағасының өзгеруі, сондай-ақ климаттық факторлардың егін мен мал шаруашылығына тигізген ықпалы – бағаның қалыптасуына тікелей әсер етіп отыр. Өңірдегі азықтүлік бағасының қымбаттауы туралы не айтасыз?
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, облыс әкімі:
– Облыста бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шара жүзеге асуда. Тұрақтандыру қорында қазір 5 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңыздағы өнім бар. Нарықтағы күрт ауытқудың алдын алу үшін бағаны тұрақтандыру қорына қосымша қаржы бөлініп, келісімшарттар жасалды. Сонымен қатар ірі сауда желілерімен және жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарымен меморандумдар жас алып, әлеуметтік өнімдерге үстемеақы 10 пайыздан аспауға міндеттелді. Арнайы мониторингтік топтар апта сайын дүкендер мен базарлардағы бағаға талдау жүргізіп отыр. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу – әкімдік бақылауында. Одан бөлек апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұдайы ұйымдастырылып отырады. Ведомстволар бағаны тұрақтандыру шараларын күшейтіп, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің нарығын бақылауға алып келеді.
Михаил ТЁ,
«Казахстанская правда» республикалық газетінің тілшісі:
– Облыс т абиғи-климаттық жағдайы мен жайылымдық қорының молдығына байланысты мал шаруашылығын дамытуға ең қолайлы өңірлердің бірі саналады. Соңғы жылдары аймақта ірі қара, қой-ешкі және жылқы басы тұрақты өсіп, шаруашылықтардың өндірістік қуаты артып келеді. Алайда осыған қарамастан, еттің бөлшек саудадағы бағасы жыл сайын қымбаттап отырады. Бұл жағдай тұрғындар арасында түсінбеушілік туғызып, «Өндірісі бар облыста ет неге арзандамайды?» деген сұрақтың жиі қойылуына негіз болуда. Логистикалық шығындар, жем-шөп бағасының өсуі, нарықтағы алыпсатарлық және өңдеу саласындағы теңгерімсіздік – баға тұрақсыздығының негізгі себептері ретінде аталады. Сондықтан ет нарығындағы ахуалды талдап, оның себеп-салдарын түсіндіру – бүгінгі күннің маңызды тақырыбына айналып отыр. Мұны қалай түсіндіресіз?
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, облыс әкімі:
– Иә, өңір мал шаруашылығы үшін өте қолайлы аймақтардың бірі. Бірақ еттің қымбаттауына тікелей әсер етіп отырған бірнеше фактор бар. Біріншіден, жем-шөптің құны өткен екі жылда республика бойынша 30-40 пайызға өсті. Бұл – еттің өзіндік құнына әсер ететін негізгі шығын. Екіншіден, шаруалардың көбісі өнімін ішкі нарықтан гөрі экспортқа шығарғанды тиімді санайды. Біздің өңірден Өзбекстан, Қырғызстан және Батыс аймақтарға ірі көлемде ет жөнелтіледі. Үшіншіден, малды семірту алаңдарының жетіспеуі және қайта өңдеу желілерінің толық қуатта жұмыс істемеуі де бағаға әсерін тигізіп отыр. Ал мұндай олқылықтарды жою үшін және еттің бағасын тұрақты ұстап отыру мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Сондай-ақ ет бағасы үнемі менің тікелей бақылауымда.
Алуа МАХАМБЕТ, «Хабар» арнасының тілшісі:
– Облыс сейсмикалық қауіпті аймақтардың қатарына кіретіні белгілі. Соңғы уақытта өңірде тіркелген жер дүмпулері тұрғындардың алаңдаушылығын күшейтіп отыр. Халықтың айтуынша, жер сілкінісі болған сәтте жедел хабарландыру кешігіп жетеді, ал кей жағдайларда мүлде келмей қалатын кездер кездеседі. Бұл қауіп туындаған мезетте тұрғындардың дұрыс әрекет етуіне, эвакуациялануына және қауіпсіздік шараларын уақытылы орындауына кері әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты бірқат ар сұрақ туындайды: облыстағы ерте ескерту жүйесі қаншалықты тиімді жұмыс істеп тұр? Хабардың кеш жетуінің нақты себебі неде? Қазіргі таңда сейсмикалық қауіп кезінде халықты жедел ақпараттандыруды жетілдіру бағытында қандай техникалық, ұйымдастырушылық неме с е инфрақұрылымдық шаралар атқарылып жатыр? Жалпы, өңір халқының сейсмикалық қауіпке дайындығын арттыру бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, облыс әкімі:
– Екі жылда өңірде 4-5 жер сілкінісі тіркеліп, өңірдің сейсмикалық тұрғыдан белсенді аймаққа жататыны тағы да дәлелденді. Қауіптің алдын алу және төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету мақсатында облыс аумағында 7 сейсмостанция жұмыс істейді. Бұл станциялар жерасты дүмпулерін нақты тіркеп, төтенше жағдайлар департаментіне жедел ақпарат жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге халықты құлақтандыру бағытында 145 дабыл беру құрылғысы орнатылған. Оның ішінде қала орталықтарында да, шалғай елді мекендерде де орналасқан сиреналар толықтай тексеруден өткізіліп, техникалық жарақтылығы расталған. Барлық дабыл жүйесі автоматты түрде іске қо сылуға қабілетті, ал қол режимінде басқару үшін жауапты персонал тәулік бойы кезекшілік атқарады. Бұған қоса, облыста жер сілкінісі кезінде әрекет ету алгоритмдері жаңартылып, мектептер мен балабақшаларда эвакуациялық жаттығулар тұрақты түрде өткізілуде. Мемлекеттік органдар, медицина мекемелері және құтқару бөлімшелері арасында үйлестіру жұмысы жолға қойылған. Жалпы алғанда, облыс сейсмикалық жағдайға сақадай сай, яғни ерте хабарлау, ақпараттандыру және құтқару жүйелері толыққанды дайын тұр.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




