«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Үздік салық төлеушілер анықталды

Үздік салық төлеушілер анықталды
Автор
Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жыл сайын салық төлеуші ірі компаниялар арасында «Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» байқауын ұйымдастырып тұруды дәстүрге айналдырып келеді.

Кеше Ш. Мұртаза атындағы ХТУ-нің мәжіліс залында осы аталымдар бойынша үздіктерді марапаттау салтанаты өтті.

Жиында департамент басшысы Төлеген Сәрсембаев:

«Мұндай дәстүр салық төлеушілердің мәдениетін көтеріп, олардың ел экономикасының көшін ілгерілетуде септігін тигізіп отыр. Бұл дәстүрге айналған байқау. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде өңірде ірі-ірі кәсіпорындар көптеп саналады. Әулиеата өңірінің өндірісінде үлкен инвест жобаларымен танылып отырған бұл кәсіпорындар бірнеше мамандарды жұмыспен қамтып, әр азаматтың әлеуметтік пакетін толықтырып отыр. Кәсібін адал жүргізіп, салық тәртібіне деген принципшілдіктері өзге де ірі кәсіпорындарға үлгі болмақ. Сондықтан бүгінгі күні үздік салық төлеушілерге беріліп отырған баға – бұл құрмет пен ашықтықтың бағасы. Жеңістеріңіз құтты болсын!», – деді.

Сонымен үздіктер қатарында – «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» аталымында Талас ауданындағы «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Кен өндіруші» аталымында Сарысу ауданы «ЕвроХим–Удобрение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі» аталымында Шу ауданы «Атай» шаруа қожалығы және «Акциздер» аталымында Жамбыл ауданы «Винзавод Южный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылды.

Үздіктерге марапатты департамент басшысы Төлеген Қапсалықұлы табыст ады. Осылайша жеңімпаздар республикалық байқауға жолдама алды.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Ұқсас жаңалықтар