Сессияда «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №20-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева, «Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нартай Егембердиев, «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының лауазымдық нұсқаулығын бекіту туралы» және «Б» корпусына жатқызылған Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы және оның мүшелерінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» облыстық тексеру комиссиясының аппарат басшысы Ерзат Әліпбаев хабарламалар жасады.
Сондай-ақ «Жамбыл облысында көші-қон процестерін реттеудің қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы №15-10 шешімінің күшін жою туралы» облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 18 маусымдағы №23-7 шешімін жою туралы мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессияда депутаттар Мейрамбек Дөненбаев, Оралхан Дәуіт, Айман Әшімова, Алтай Райқұлов және Айгүл Ақшалова сөйлеп, депутаттық сауалдарын жолдады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді
- 26 ақпан, 2026
Елдің бағытын қалыптастыратын маңызды қадам
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




