Ол кісінің айтуынша 2024 жылдың 7 шілдесінде Сарысуда орын алған төтенше табиғи су тасқыны салдарынан денсаулығына зақым келген екен. Үйге кірген судан тізе қақсап, буын ауруына шалдықтым дейді. Келтірген шағымына байланысты облыстық бейінді ауруханаға келіп ревмотология бөліміне тексеріліпті. Онда қарияның буыны ауырмайтынын, қауіпті паталогия жоқ екендігін дәрігер Арайлым Әлібекова дәлелдеп берген.
– Расымен табиғи су тасқыны кезінде отбасымызбен зардап шектік. Сол жағдайдан кейін аяғым ауырады. Бірақ жергілікті дәрігерлер «сап-саусың» деп ауруханаға жатқызбады. Бір жылдан асты әлі әуре-сарсаңға түсіп әлек болып келемін, – деді қария.
Мән-жайға қанық болғаннан кейін біз облыстық денсаулық сақтау басқармасына, Сарысу аудандық ауруханасына хабарластық. Олардың берген жауабы.
«Науқас Канаев Жантайлақ, 03.08.1946 жылы туған.Тіркелген мекенжайы: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Абай көшесі, 20 үй. Сарысу аудандық орталық ауруханасының Дегрез дәрігерлік амбулаториясында «Д» есепте тұрмайды. Науқасқа Сарысу аудандық орталық ауруханасы тарапынан жедел жәрдем көлігімен мейіргер сүйемелдеуімен Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізіліп, ревматолог дәрігерінің тексеруінен өткен соң «Острый патологии суставов нет. Облитерирующий атеросклероз н/к? ХБН?» диагнозы қойылып, «на момент осмотра показаний для экстренной госпитализации нет» деген қорытынды берілген.
Ресми жауапта көрсетілгендей, одан кейін науқасқа 2025 жылдың мамыр айында аудандық аурухананың күндізгі стационарына немесе тәулік бойы стационарда ем қабылдау ұсынылды. Алайда, ол бұл ұсыныстан бас тартады. Кейін де аудандық аурухана тарапынан бірнеше мәрте пациентке толыққанды тексерулер жүргізіліп, ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Алайда науқас бас тартуын жалғастырады.
Сарысу аудандық орталық ауруханасының әлеуметтік қызметкері мен психолог мамандары науқастың үй жағдайына барып, тұрмыстық ахуалын зерделеген. Науқаспен әңгімелесіп, психоэмоциялық жағдайына баға берілді. Психолог тарапынан қолдау көрсетіліп, эмоциялық тұрақтылықты сақтау бойынша кеңес беріледі. Деннің саулығына ештеңе жетпейді. Қалай болғанда да сарысулық қарияны тағы бір тексеруден өткізіп, ем-дом жасау артық етпейтін сияқты. Қазыналы қартын сыйлаған елміз. Сондықтан жалпы жағдайдың жай-жапсарын өз отаны мен өз отбасына қалдырдық.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




