«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Теріс ағым тезіне түсуден сақ болайық

Теріс ағым тезіне түсуден сақ болайық
ашық дереккөз
Теріс ағым тезіне түсуден сақ болайық

Қазіргі таңда жат ағымдардың қоғамға деген қысымы артып, қауіпті күшке айналып барады. Сол үшін жастарға дәстүрлі діни танымды қалыптастыру және діни тақырыптарды

дұрыс қабылдау жолдарын түсіндіру өзекті мәселеге айналуда. Осыған байланысты облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен Тараз қаласының және аудан әкімдіктері ішкі саясат бөлімдерінің және жастар орталықтары басшыларының қатысуымен семинар-тренинг өтті. Онда орталық тарапынан атқарылған іс-шаралардың барысы, зерттеулерінің нәтижесі туралы баяндалды. Отырысты аталмыш орталықтың басшысы Гүлжаһан Мамешова ашып, жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Лариса Лысова «Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – тұрақты қоғам кепілі» тақырыбында баяндама жасаса, облыс әкімдігі дін істері басқармасының Ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Еркебұлан Есмаханов зайырлы мемлекет пен діннің қарым-қатынасы жайында ой өрбітті. Сонымен қатар, дінтанушы маман Сержан Пәрімұлы өңіріміздегі Ислам бағытындағы діни ахуал хақында сөз қозғап, бұл бағыт бойынша аудандардағы кейбір кездесіп отырған келеңсіздіктердің әлі де еңсерілмей келе жатқанын баса айтты. Соңыра жиынға қатысушылар экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын күшейтіп, қадағалауды сәт сайын бақылап отыру керектігін бірауыздан мақұлдады.

Жанғазы АХМЕТ,  «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар