Жаны жомарт жандардың жиынына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, басқарма басшылары, «Жомарт жан» орталығының меценаттары, саяси партиялар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері, этномәдени бірлестік басшылары мен мүшелері, студенттер қатысты.
– Жалпы, бұл жоба білім берудегі қайырымдылықты қазақстандық қоғам дамуының негізгі элементі ретінде танытуды, қайырымды жандардың қолдауы және ҚХА қызметі жастарға ел болашағы мен экономикасын нығайту үшін жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіруді көздейді. 2024 жылы ҚХА құрылымында ашылған бұл орталықтар меценаттардың, қайырымды жандар мен еріктілердің күш-жігерін біріктіріп, мұқтаж жандарды қолдап, көмек көрсетуді көздейді. Мұндай орталықтар еліміздің барлық 20 өңірінде жұмыс істеп, 342 белсенді қатысушыны біріктірді. Республикалық орталықты ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт басқарады. Орталықтардың қызметі төрт негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі – «Мектепке жол» акциясы, оның аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жыл сайын оқу құралдары мен мектеп формасы беріледі. 2024 жылы 6,5 мыңнан астам оқушы 260 миллион теңгеден астам көлемде көмек алды. 2025 жылы бұл қолдау 7 мыңнан астам отбасындағы 12 мыңға жуық баланы қамтып, жалпы сомасы 188,5 миллион теңгені құрады. Екінші бағыт – «Жүректен жүрекке» жобасы, ол төтенше жағдайларда шұғыл гуманитарлық көмек көрсетуді көздейді. Осы жоба аясында жалпы құны 805 миллион теңгені құрайтын 1700 тоннадан астам азық-түлік, дәрі-дәрмек және күнделікті қажетті заттар жеткізілді. Үшінші бастама – «Мейірім» жобасы, ол инклюзивті топтарды және басқа да осал санаттағы азаматтарды қолдауға бағытталған. 2024 жылы бұл бағыт бойынша 1320 отбасы мен 483 азамат көмек алды. Төртінші бағыт – «Қамқор» жобасы. Ол спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған, – дейді облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбарак Жинақбаева.
Достық үйінің ішкі құрылысымен танысқан қатысушылар ары қарай «Болашаққа жол жұмысшы мамандықтарынан басталады» атты ҚХА жанындағы қолөнер шеберлер клубының көрмесін тамашалады. Сондай-ақ «Жомарт жан» орталығының мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Вагиф Халиловқа ҚХА «Жомарт жан» төсбелгісін табыстады.
Жиын барысында ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілханов пен «Днепро» украин мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Федор Клименко жоба жұмысына тілектестіктерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




