«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Адал азамат – жаңа дәуірдің басты тұлғасы

Адал азамат – жаңа дәуірдің басты тұлғасы
Автор
Елдің ертеңгі тұтқасын ұстар өспірім ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңірудің маңызды бағыттарын талқыға салған облыстық форум «Адал азамат: құндылық, инновация, тәжірибе» тақырыбында өтті. Еліміздің келешегін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған форум қатысушыларға тың идеялар, озық тәжірибелер және жаңа серпін сыйлады.

Іс-шара «Құндылықтар керуені» атты тәжірибелікпрезент ациялық көрмемен ашылды. Онда өңір мектептерінің рухани тәрбие бағытындағы үздік жобалары, ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған әдістемелік жұмыстар, инновациялық баст ама лар таныстырылды. Облыстың білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, педагогтер қатысқан форумды облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жүргізді.

– Бұл жиында қоғам үшін ең өзекті мәселелерді талқылап ғана қоймай, адалдық мәдениетін қалыптастырудың жаңа бағыттары мен нақты шешімдерін бірге айқындайтын боламыз. Ел Президенті өз Жолдауында Жаңа Қазақстанды құрудың басты шарты – әділеттілік, ашықтық және адалдық қағидаттары екенін бірнеше мәрте атап өтті. Сондықтан біз ең алдымен қоғамдық құндылықтарды, отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілікті, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, еңбек мәдениеті, ұлттық рух пен патриоттық сананы жаңғыртуға назар аударуымыз қажет. Кез келген ұлттың рухани қуаты оның өткенінен, әсіресе ертегі, аңыз, мақал-мәтел секілді ауыз әдебиетінен бастау алатыны белгілі. Облысымызда ұрпақтың жүрегіне жол табатын, ұлттық рухты жаңғыртатын, әділдікке, батылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейтін жаңа буынға қажеттіліктің бірі ретінде «Әжемнің ертегісі» жобасы қолға алынғанын білесіздер. Жоба бала мен ата-әженің арасындағы рухани көпірді қайта жалғауды мақсат етеді. Бұл тек әдеби жоба емес, ұлттық жадымызды сақтауға, адал азамат қалыптастыруға бағытталған мәдени қозғалыс деп атап өткім келеді, – деді Серік Жақсылықұлы.

«Инновация мен рухани құндылықтың тоғысы: адал азамат тәрбиелеудегі өңірлік тәжірибе» тақырыбында мазмұнды баяндама жасаған облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков өңірдің білім беру саласында тәрбие бағытында атқарып отырған жобаларды атап айтты.

– Адамгершілік пен парасаттылық – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, ертеңгі елдің де айнасы. Сол құндылықтарды қалыптастыруда педагогтердің жауапкершілігі ұшан-теңіз. Біз жас ұрпаққа тек білім беріп ғана қоймай, олардың бойына әділдік пен еңбекқорлықты, жауапкершілік пен өз ісіне адал болуды сіңіру арқылы ел ертеңін тәрбиелейміз. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның білім беру жүйе сінде енгізілген «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – рухани иммунитетті күшейтетін, ұлттық мінезді жаңғыртатын маңызды бастама. Адал азамат – жаңа дәуірдің басты тұлғасы. Адалдық – мәңгілік құндылық. Ол уақыт пен кеңістікке бағынбайды, адам болмысының өзегі болып қала береді. Бүгінгі инновациялық қоғамда адалдық ұғымы тек жеке мінез-құлық нормасы емес, ол – қоғамның дамуын айқындайтын рухани энергия. Тәрбие бағыты бойынша педагогтерге қолдау көрсету мақсатында облыстық оқу-әдістемелік орталығы тарапынан YouTube хостингінде «Тәрбие жаршысы», «Бақытты отбасы» каналдары ашылып, әдістемелік нұсқаулықтар, ұсынымдамалар, жадынамалар, бейнероликтер орналастырылған. Жаңа технология, жасанды интеллект, цифрлық орта – бәрі адамның ой еңбегін жеңілдетеді, бірақ адамның ар-ожданы мен адамгершілік ұстанымын алмастыра алмайды. Сондықтан бүгінгі педагогтің басты миссиясы – заман талабына сай білім берумен қатар, рухани бай, жауапкершілігі жоғары, әділ ұрпақ тәрбиелеу. Білім алушылар жыл бойы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы, шығармашылық әлеуетін ашу, тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау, кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру арқылы құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы» жобаларын іске асыруға белсенді қатысуда. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында «Қамқор» жобасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіп-қатерлердің алдын алу бағытында «Қоғамға қызмет ету» волонтерлік қызмет, «Жер сағаты» экологиялық акция, «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі, «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциялары, барлығы 200-ге жуық іс-шара өткізіліп, 124 мың білім алушы, 27 мың атаана қамтылған. Облыс бойынша 7 ауданда демеушілерді тарту арқылы 16 жылыжай жұмыс істейді, – деген Нұрбек Әбубекұлы жасөспірімдерді еңбекқорлыққа, адалдыққа, жоғары адами қасиеттерге тәрбиелеуге негізделген жобаларға тоқталды. Пленарлық бөлімнен кейін форумның көркем бағдарламасы жалғасты.

Байзақ ауданы №4 мектеп-лицейінің оқушылары «Менің атым Қожа» хикаяты бойынша мюзикл қойып, көрермендерге әсерлі өнер көрсетті. Тараз қаласындағы №45 классикалық гимназия оқушылары «Ұрпаққа өнеге болған ерлік» атты қойылым арқылы батырлық пен патриотизм тақырыбын сахналады.

Абай атындағы мектеп-гимназия оқушылары «Бала Абайдан дана Абайға барар жол…» қойылымымен көрермендерді терең ойға жетеледі. «Адал азамат: құндылық, инновация, тәжірибе» облыстық форумы өңір педагогтерінің тәжірибе алмасу алаңына, рухани құндылықтар мен заманауи білім беру үрдістерінің тоғысына айналды. Форум жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, білім беру жүйесін жаңғырту және педагог мәртебесін күшейту бағытындағы маңызды бастамалардың жалғасы болмақ.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар