– Біз бүгін ерекше жағдайға куә болып отырмыз. Себебі құрылысы басталғалы тұрған бұл зауыт өңірдің индустриялық дамуына үлкен серпін береді. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміздің ұзақ мерзімді дамуы инвестициялық саясаттың пәрменділігіне байланысты екенін үнемі айтып келеді. Президенттің қолдауын біздің өңір халқы ерекше сезініп отыр. Жамбыл өңірі – химия өндірісі дамыған аймақ. Жалпы, еліміздің химия өндірісінің өңіріміздегі үлесі 30 пайызға жуық. Республикада фосфор, аммофос, натрий өндірісі бойынша көш бастап отырмыз. 13 миллиард тонна қоры бар фосфорит өндірісі біздің стратегиялық дамуымыздың кепілі. Жұмыспен қамтылған азаматтардың төрттен бірі осы салада еңбек етуде. Жыл басынан бері 782 адам тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Биыл 26 ауқымды жоба жүзеге асып жатыр. Оның көпшілігі іске қосылатын уақыт жақын. Бұл жобалар жүзеге асқан кезде 1100 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Ал бүгін құрылысы басталғалы отырған натрий цианид өндіретін заманауи зауыт іске қосылғанда 200 адам тұрақты жұмыс табатын болады. Зауыт 2027 жылдың бірінші тоқсанында ел игілігіне берілетін болады. Алдағы үш жыл ішінде өңірімізде 62 ірі жоба жүзеге асады. Бұл жобалардың жалпы құны 3,5 триллион теңгені құрайды. Бұл жоба өңірге инвестиция тартудың айқын бастамасы болып табылады. Осынау келешегі кемелді өндіріс ошағы үшін біздің өңірді таңдаған бас мердігер – «Алтыналмасреагентс» акционерлік қоғамының басшысына шынайы алғыс білдіремін. Жаңа зауыт жұмысына табыс тілеймін, – деді өңір басшысы.
Мұнан соң «Қазақстан Даму» банкі басқарма төрағасы Марат Елібаев жаңа өндірісті қаржыландыруға ниетті екендерін атап өтті. «Алтыналмас-реагентс» акционерлік қоғамының бас директоры Уәлихан Атагелдиев сөз сөйледі. Сонымен қатар облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы, «Қазақстан Даму» банкі басқарма төрағасы Марат Елібаев, «Алтыналмасреагентс» акционерлік қоғамының бас директоры Уәлихан Малгелдіұлы жаңа зауыт құрылысы басталуына байланысты капсула салу рәсіміне қатысты.
Мұнан соң облыс әкімі Ербол Қарашөкеев зауыт құрылысына қатысы бар техникалармен танысты. Сонымен қатар жаңа зауыт құрылысы жобасының макетіне назар аударып, бас мердігер компания басшысы мен «Қазақстан Даму» банкі басқарма төрағасына алғысын білдірді. Жаңа зауыт өнімдері Америка, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне арнайы теміржол арқылы тасымалданатын болады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Су ресурсын басқарудың тиімді жолы қандай?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




