«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

91 жәрмеңке ұйымдастырылды

91 жәрмеңке ұйымдастырылды
Автор
«Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 50-тармағында «Колледждер базасында кәсіпорындар, орта бизнес өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күндерін және бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін» өткізу көзделген.

Іс-шараны іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 1 қарашасына дейін аудандар мен Тараз қаласы бойынша Мансаптық орталық филиалдарының ұйымдастыруымен облыс көлемінде барлығы 91 жәрмеңке ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 1435 жұмыс беруші оның ішінде, орта бизнес өкілдерінен 761 мекеме қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс іздеушілер 6621 адамды құрады. Оның ішінде 2974-і әйелдер.

Жәрмеңке қорытындысымен 30 адам кәсіптік оқытуға, 380 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Жастар тәжірибесіне 210 жас жолданса, «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасына – 51 адам, бірінші жұмыс орындарына – 37, «Күміс жас» бағдарламасына 128 адам жіберілді. Ал тұрақты жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар саны 1 130 адам, гранттар 46 адамға берілді және кәсіпкерлік негіздеріне оқығандар саны 30 адамды құрап, жұмыспен қамту шаралары бойынша консультация алғандар 4919 адамды құрады. Барлығы 3135 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде 1 130 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданды.

Сонымен қатар іс-шаралар жоспарында колледждер базасында 238 кәсіпорындар, оның ішінде 182 орта бизнес өкілдерінің қатысуымен барлығы 68 ашық есік күндері өтті. Ашық есік күніне барлығы 3570 адам, оның ішінде 617 мектеп оқушыларының қатысуымен, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қатысушыларымен 1117, жоғары оқу орындары білімгерлерінің қатысуымен 369 және басқа да 596 кездесулер өтті.

Кездесу барысында 9 экскурсия, 20 семинар, 27 дөңгелек үстел, 8 мастер-класс және тағы басқа 22 іс-шара жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 50-тармағын орындау, жоспарланған декомпозиция бойынша облыста 2025 жылға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және ашық есік күндерін өткізу кестесіне сәйкес ұйымдастырылып, өткізілуде.

 

Гүлнара ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ

облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек мобильділігі орталығының маманы.

Ұқсас жаңалықтар