«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Курс бітіргендердің барлығы жұмыспен қамтылды

Курс бітіргендердің барлығы жұмыспен қамтылды
Автор
Жұмыссыздықпен күрес – елдің экономикасын көтеріп, халықтың әлеуетін арттыратын негізгі бағыт. Сондықтан еліміздің әр аймағында тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында қызмет ететін орталықтар бар. Облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданындағы Мансап орталығы мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға түсіндіре жеткізіп, оның әрбір шарасына жұмыссыздарды қатыстыруда белсенді іс атқарып отыр.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021- 2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба бағдарламасының биылғы 10 айда орындалуы жөнінде Мансап орталығының кәсіптік оқыту секторының менгерушісі Жайдар Сқақов мәлім етті.

– Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобаларының бірі – 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Биылғы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жұмыс берушілерден түскен өтінімге сәйкес 20 жұмыссыз қатысты. Кондитер мамандығы бойынша 5 азамат, шаштаразға 5, наубайханашыға 5, автомобиль жөндеуші шеберіне 5 адам онлайн түрінде «ЭКО Блок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшартқа отырып, 27 маусым – 27 қыркүйек аралығында кәсіби білім алды. Төрт жақты келісімшарт нәтижесінде оқуларын аяқтап, барлығы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне ауданда 60 азаматты оқыту жоспарланған. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту онлайн режимінде жүргізіледі. Қатысушылар өз бетінше оқу процесіне қатысып, оқып, сертификаттарын ала алады. Бүгінгі күнге 61 азамат оқып, бәрі сертификат алып, көрсеткіш 101 пайызға орындалды. Қайырылған жұмыссыз азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа онлайн оқыту бойынша жоспар 160 болса, 185 жұмыссыз тұрғын оқытылып, жоспар 110 пайызға атқарылды. Қайтарымсыз грант Ұлттық жоба бойынша 400 айлық есептік көрсеткішпен 24 азаматқа қарастырылған. 2025 жылы жоспар бойынша 1-2 лектің комиссия отырысы өткізіліп, бөлшектенген жоспарға сәйкес 24 азаматқа грант тағайындалды. Қаржылары жеке шоттарына аударылып, бүгінгі таңда кәсіптерін жүргізуде, – дейді Жайдар Жолбасарұлы.

Мансап орталығындағы бағдарламаларды тұрғындарға жеткізу мақсатында «Мойынқұм таңы» аудандық газетіне 5 мақала жарияланып, түсініктеме беріліпті. Ақпарат көздерінен Instagram парақшаларына 92 пост салынған. Сонымен қатар 4 дөңгелек стол өткізіліп, 62 мекемемен меморандумға қол қойылған. 72 мекемемен келісімшарттар жасалып, 9 жәрмеңке ұйымдастырылып, 4 ашық есік күні өткізіліпті.

– Жобаның халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту тармағы бойынша атқарылған істерге тоқтала кетейін. Биылғы алғашқы жартыжылдықта 675 жұмыссыз тіркелген. Жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күннің қорытындысымен 4,3 пайызды құрайды. Жалпы 1887 адамды белсенді шараға тарту жоспарланған, қазан айында 1652 жұмыссыз белсенді шараға тартылды, қазан айының қорытындысымен 88 пайызды құрап отыр. Ал тұрақты жұмысқа орналастыруға 936 адам жоспарланған, қазан айында 777 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылып, жоспар 78 пайызға орындалды. Оның ішінде 46 кісі мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Әлеуметтік жұмыс орындарына биыл 60 жұмыссызды қамту көзделіп, тамыз айында 60 жұмыссыз адам әлеуметтік жұмыс орнына жолданып, көрсеткіш 100 пайыз орындалып отыр. Жастар істәжірибесімен 2025 жылы 85 жасты дипломмен тарту жоспарланған. Жыл басынан бері 79 адам жастар іс-тәжірибесімен жұмысқа жолданып, көрсеткіш 93 пайызға жүзеге асты. «Алғашқы жұмыс орны» бойынша жоспар 19 адам болған, толық орындалды. «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша жоспарланған 2 адам жұмыс орнына жолданды. Қоғамдық жұмысқа биыл аудан бойынша 423 жұмыссызды уақытша жұмысқа тарту жоспарланған. Жыл басынан бері 423 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, көрсеткіш 100 пайыз іске асырылды. Ұлттық Жоба шеңберінде «Күміс жас» бағдарламасына зейнеткерлік жасына таянған азаматтар қатыса алады. Жоспар бойынша 45 азаматты қамту бекітілген, бүгінгі күнге 45 азамат жолданып, көрсеткіш толықтай орындалып отыр. Пробация қызметіне жүгінгендердің, мүгедек азаматтарға арналған облыстық қаулы толық орындалды. Жалпы алғанда Ұлттық жоба шеңберінде жыл аяғына дейін қайырылған жұмыссыздардан 1887 азаматты белсенді шарамен қамту жоспарланған, оның 936-сы тұрақты жұмыстың үлесі. Бүгінге дейінгі 11 айда 221 отбасымен әңгімелесу жүргізіліп, 117 отбасының өтініші қабылданып, 92 отбасының табыстары кедейшілік шегінен асып кетуіне байланысты учаскелік комиссияның қорытындысымен тоқтатылды. 25 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, үлес жоспары 77 пайыз, толық орындалды, – дейді Жайдар Сқақов.

Ұлттық жоба шеңберінде биылғы жылы ауданда 6 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 253 жұмыс орнын ашу белгіленген. Мамыр айында Қарабөгет ауылының кіреберіс көпірінің құрылыс жұмысы басталып, 2 жұмыссыз азамат жолданған. Маусым айында «Қашқантеңіз ауылында су құбыры желісінің құрылысы» басталып, 3 азамат уақытша жұмыспен қамтылыпты.

Тамыз айында Биназар ауылы көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 1 жұмыссыз азамат жолданып, уақытша жұмыс орнымен қамтылған. Ақсүйек ауылындағы клубтың күрделі жөндеуіне 2 азамат уақытша жұмысқа жіберілген. Тағы 4 жоба жұмыстарын бастап, 8 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Енді бір жоба ашылады деп күтілуде. Айдарлы ауылындағы спорт кешеніне 6 азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақшы.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Мойынқұм ауданы

Ұқсас жаңалықтар