Жиынға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Amanat партиясы Әйелдер қанатының «Әйелдер денсаулығы мен отбасылық құндылықтарды насихаттау» бағыты бойынша тең төрағасы Гүлдара Нұрымова, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен өңірлік Әйелдер қанатының мүшелері қатысты.
Басқосуда алғашқылардың бірі болып Amanat партиясының облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Айман Әшімова «Әйелдердің өңірлік деңгейдегі шешім қабылдау үдерісіне қатысуы» тақырыбында баяндама жасады.
– Білім беру саласында – 29 мыңнан астам, ал денсаулық сақтау саласында 19 мыңға жуық әйел еңбек етіп жүр. Кәсіпкерлікте де белсенді: 104 мың шағын және орта бизнес субъектілерінің 52 пайызы – қызкеліншектер. Партия мүшелерінің 66 пайызы – әйелдер. 266 бастауыш партия ұйымы жетекшілерінің 145-і немесе 54 пайызы – әйелдер. Өңірлік Әйелдер қанаты 360-тан астам белсенді әйелді біріктіріп отыр. Олардың арасында депутаттар, кәсіпкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, ғалымдар мен журналистер бар. Тек биылдың өзінде 80-нен астам іс-шара өткізіліп, 6 мыңға жуық адам қамтылды. Республикалық «Әйел аманаты» тұжырымдамасы аясында биыл іске қосылған өңірлік «Айша бибі» жобасы – нақты нәтиже беріп жатқан бағдарлама. Бұл бағдарлама – сайлауға қатысқысы келетін, лауазымға ұмтылған немесе көшбасшы болғысы келетін әйелдерге арналған білім беретін, тәлімгерлік жүйе. Биыл Қордай, Сарысу, Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандарында Әйелдер көшбасшылығы мектебі өтті, – деді Amanat партиясының облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Айман Әшімова.
Мұнан соң Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы сөз алып, әлі де болса барлық қызметте, кәсіпкерлікте, басшылықта әйелдердің үлес салмағын көбейту керектігін тілге тиек етті.
– Әйел жүрген жер – береке. Қай салада болмасын әйелдерді көбейту қажет. Гендерлік теңдік деген елімізде әсіресе оңтүстік өңірде 50 де 50 емес, 30 пайызға ғана орындалып жатыр. Қоғамда әйелдің рөлі зор. Олар ашқан кәсіп гүлденіп жатыр. Елге пайдалы нәрсені ойлап тауып, халыққа қызмет еткендердің дені – әйелдер. Сондықтан әлі де болса басшылық қызметтерде әйелдерді көбейткен жөн, – деп пікір білдірді.
Бұдан кейін рет-ретімен әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау тетіктері мен өңірлік мүмкіндіктер туралы жеке кәсіпкер, «Білім» кәсіби- гуманитарлықтехникалық колледжінің директоры, Тараз қалалық Әйелдер қанатының үйлестірушісі Жанат Ертаева, «Шебер шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, өңірлік Әйелдер қанатының «Инклюзивті қоғамды дамытуға жәрдемдесу» бағытының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Анар Бексұлтанова, облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры А. Биғабылова сөйледі.
Бүгінгі пікір алмасу – жаңа идеяларға, жаңа бастамаларға және жаңа серпінге жол ашты. Ортақ мақсат – қоғамдағы әйелдердің рөлін күшейту, олардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




