Жобалардың тапсырыс берушісі – Ақсай ауылдық округі әкімі аппараты. Қайрат ауылындағы кіші футбол алаңшасының құрылысын «ЖамбылСуБур» серіктестігі, ал Диқан ауылындағы балалар ойын алаңшасының құрылысын «Cassat Constructions» серіктестігі жүзеге асырды.
Ауданда халықты спорттық инфрақұрылыммен қамту деңгейі 74,1 пайызды құрап, қазіргі таңда 172 спорт нысаны жұмыс істейді. Олардың ішінде – 1 стадион, 3 спорт кешені, 12 футбол алаңы, 108 спорттық алаңша және 48 спорт залы бар. Биылғы жылы шорт-трек, шаңғы және самбо спорт түрлерінен жаңа секциялар ашылды.
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындар саны 22 566 адамды құрап, бұл жалпы халық санының 42,5 пайызын құрайды. Қазіргі таңда Көлтоған, Қарасаз және Нұрлыкент ауылдарында жаңа спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді
- 26 ақпан, 2026
Елдің бағытын қалыптастыратын маңызды қадам
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




