Мәдени нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысып, ізгі тілегін жеткізді. Ғимараттың құрылысын «ПМК109» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Заманауи талаптарға сай салынған мәдениет үйі түрлі үйірмелер мен шығармашылық бағыттағы сабақтарға арналған кабинеттермен қамтылған.
Мұнда хореография, домбыра, қолөнер сияқты үйірмелерді ашу жоспарланып отыр. Жаңа мәдениет ошағы ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мәдени-рухани ісшараларды ұйымдастыруға кең мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Республика күніне орай Үлкен Сұлутөр ауылында 90 орындық жаңа мәдениет үйі қолданысқа берілген болатын. Жа лпы, ауданда мәдениет саласында оң өзгерістер байқалуда – жаңа нысандар бой көтеріп, мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Мен жастарға сенемін
- 9 ақпан, 2026
Біздің жұмысымызды заңгерлерсіз елестету мүмкін емес
- 2 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




