– Біздің бұл жобаны дәл осы Шу ауданы аумағында орналастыруымыздың екі бірдей себебі бар. Оның алғашқысы – ауданның күн сәулесі белсенділігі жоғары аймақтардың қатарына жатуында болса, екіншісі – мұнда «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының соғылуы. Әлбетте, 500 гектардан аса жерді алып жатқан арнайы экономикалық аймақ толық қуатында жұмыс істегенде электр энергиясына деген тапшылық әжептәуір сезілетін болады. Сондықтан, бұл жоба біз үшін де, экономикалық аймақ үшін де өте тиімді болып отыр, – дейді ол.
Оның жалпы құны 60 миллиард теңге. Сондай-ақ мұндағы құрылыс жұмыстарының бас мердігері Жуалы ауданындағы күн электр стансасының құрылысын жүргізген «METKA-EGN.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Электр стансасы толық қуатында жұмыс істегенде облыста электр қуатына деген тапшылық толық жойылмаса да, едәуір қысқаратыны сөзсіз. Алдағы уақытта стансада тұрақты жұмыспен қамтылатын 10 адам да жергілікті тұрғындардан болмақ. Оларды инвесторлар қаржысынан арнайы оқытып, осы сала бойынша білімдерін жетілдіруге жіберу де жоспарда бар көрінеді. Сонымен қатар «ШУ-100 мегаватт» күн электр стансасы қуат өндіруде қоршаған ортаға зиянды заттар шығармайды. Сондай-ақ өндірілген қуат «KEGOK» акционерлік қоғамына сатылатын болады.
Стансаның өнімі түгелдей қазақстандық электр жүйесіне қосылмақ. Бұл дегеніміз, алдағы уақытта аймақта қуат бағасының едәуір арзандауына игі ықпал етеді дегенді білдіреді. Тағы бір айта кетерлігі, Шу ауданында баламалы энергия көздерін пайдалануда бір ғана күн электр стансасы жұмыс істеп тұрған жоқ. Бұдан бөлек, 2013 жылы аудан аумағында «Компания АТ-Энерго» ЖШС-ның ұйытқы болуымен бірегей жоба жүзеге асқан болатын. Тасөткел су қоймасы маңынан салынған станса судан энергия өндіреді. Мекеме басшылары бұл жетістікке тоқмейілсіп отырған жоқ. «Компания АТ-Энерго» ЖШС қазіргі уақытта су электр стансасының екінші жобасын жүзеге асырды. Аталмыш серіктестіктің бұған дейін де жұмыс істеп тұрған стансасы сағатына 2,2 мегаватт электр энергиясын өндіруде. Өндірілген электр энергиясын Қордай мен Т. Рысқұлов аудандарының тұрғындары тұтынса, салынып жатқан станса өз өнімін «KEGOK» АҚ-на саудалайтын болады.
«Компания АТ-Энерго» ЖШС-ның директоры Саид Ахаев қазіргі жоба сәтті аяқтап, үшінші су электр стансасының құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Ал аудан орталығынан шалғайда орналасқан Шоқпар ауылдық округінде тәулігіне 110 мегаватт энергия өндіретін жел электр стансасының құрылысы жоспарлануда. Жобаның жетекшісі саналатын «WINDHAN» ЖШС бүгінгі таңда тарифтеу мен қаржыландыруға қатысты мәселелер түбегейлі шешімін тапса, артынша құрылыс жұмыстары бірден басталатынын айтып отыр. Жобалық құны 71 миллиард 500 миллион теңгеден асатын станса өз жұмысын бастағанда шамамен 10 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімдігі шалғайдағы Шоқпар ауылдық округінен 155,8 гектар жер телімін бөліп беріпті. Жоғарыда аталған барлық жобалардың жүйелі жұмыс істеуінің нәтижесінде бюджетке түсетін салық өсімі еселеніп, жаңа жұмыс орындары ашылып, сондайақ өнеркәсіп пен құрылыс нысандарының қатары артады. Бұның бәрі аудан тұрғындарының әлеуметтікэкономикалық және экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізері сөзсіз.
Президентіміздің 2050 жылға қарай қазақстандықтар тұтынатын электр энергиясының жартысын баламалы жолмен өндіру қажеттігін айтқан болатын. Аталмыш бастамаға қолдау білдіруде облыс аумағында нәтижелі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын бір ғана аудандағы жұмыстардан-ақ байқауға болатын сыңайлы. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, облыс орталығындағы тұрғындар сағатына 50-60 мегаватт электр қуатын тұтынса, облысымызға қарасты аудандар шамамен сағатына 90 мегаватт электр қуатын тұтынатын көрінеді. Бұл бір ғана облысымыздағы статистика. Алдағы уақытта Шу ауданындағы күн электр және су электр стансасының екінші жобасы жүзеге асқанда еліміздегі электр қуатына деген қажеттілік біршама азаяды деуге әбден болады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




