Желмен ұшқан минералды тыңайтқыштың қалдығы – фосфогипс ат шаптырым аумаққа тарайды. Ол көктемде және күзде жауған жаңбыр, қар суымен бірге жерге сіңіп, жерасты суына қосылады. Тараз сияқты қаланың және елді мекендердің қасында осындай орасан мөлшерде жиналған өндірістік қалдық – фосфогипстің таудай болып үйіліп жатуы басқа еш жерде кездеспейді.
Тыңайтқыштан тұрғызылған таудың төменгі жағындағы Жамбыл ауылдық округі аумағында, бүгінде Тараз қаласына қосылған Шайқорық, Танты, Ш. Ниязбеков, Қапал, Қоңыртөбе және Шайқорық стансасы елді мекендері орналасқан. Мұнда шамамен 7229 тұрғын тұрады. Аталған елді мекендер жарты ғасырдан астам уақыттан бері өндіріс қалдығынан айтарлықтай зардап шегіп келеді. Тұрғындар осынау өзекті мәселені алқалы жиындарда жиі көтереді. Бүгінде екі тауға айналған фосфогипсті мүлде жоюды талап етуде. Әйтсе де тұрғындардың өтініші әлі күнге аяқсыз қалып келеді.
– Қатты жел соққан кезде ауылдың үстіне қар жауғандай болады. Осыдан он жыл бұрын мұнда 8 миллион тоннадан астам қалдық жиналса, қазір оның көлемі 14 миллион тоннадан асып кетті. Оны жою үшін қолға алынып жатқан шаралардан ешқандай нәтиже жоқ. Демек, елді мекендерді шаң-топалаңнан құтқару үшін оның үстіне топырақ тастап, шөп өсіру керек. Тұрғындарды осындай жолмен қиындықтан құтқаруға болатын сияқты, – дейді қала тұрғыны Медет Нұрмаханов.
Жеке кәсіпкер Ерғали Асақұловтың айтуынша, үздіксіз жел ұшыратын қалдықтардан тұрғындардың тыныс жолдары, өкпе және асқазан, ішек ауруларына жиі шалдығатынын айтып шағымданады екен.
– Бұл – білгенге үлкен байлық. Фосфогипстің бір тоннасының құрамында 18 пайыз фосфор бар. Оны егістікке енгізсек, өнімділікті едәуір арттыруға және өндірістің басқа да салаларына пайдалануға болады. Өркениетті елдерде өндіріс қалдығын тиімді пайдалану нәтижесінде үлкен игіліктерге қол жеткізуде. Егер билік көлік логистикасын шешіп берсе, шаруалар қос тауды тыңайтқыш ретінде талап әкетер еді, – дейді Шайқорық ауылдық ардагерлер кеңесінің хатшысы Жанболат Оразбаев.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




