Сархат Бейсенова Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мектептерде тұмау мен ЖРВИ-дің таралуына тұрақты мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті.
«Республикада бірде-бір мектепте сыныптардағы ауру жұқтыру деңгейі 30 пайыздан асқан жоқ. Кей сыныптарда ауру жұқтыру көрсеткіші 10 пайызға дейін тіркелген», – деді ол.
Оның айтуынша, егер қандай да бір сыныпта оқушылардың 30 пайыздан астамы ауырып қалса, онда сабақты онлайн форматқа көшіру туралы шешім қабылданады. Сархат Бейсенова елде жаппай сырқаттанудың салдарынан кейбір сыныптарда небәрі 5-6 оқушы ғана қалғаны туралы ақпаратты теріске шығарды.
«Егер сіздерде мұндай жағдай тіркелген мектеп немесе өңір туралы нақты мәлімет болса, бізге хабарласыңыздар. Бұл мәселе қаралады. Қазірге дейінгі мониторинг нәтижесінде ауру жұқтыру деңгейі 30 пайыздан асқан сынып анықталған жоқ», – деді ол.
Журналистер балаларды мұрын бітеліп, жөтелі болса да (бірақ дене қызуы болмаса) сабаққа кіргізбеу туралы шаралар енгізіле ме деп сұрады.
«Эпидемиялық маусым кезінде, әрине, балабақшалар мен мектептерде мұндай санитариялық шаралар жүргізілуі тиіс. Мектепке дейінгі ұйымдарда ауру белгілері бар балаларды кіргізбеу қажет. Сол сияқты жұмыс мектептерде де жүргізілуі керек», – деп түйіндеді Сархат Бейсенова.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Медициналық қызметтің сапасын пациенттің өзі бағалайды
- 16 наурыз, 2026
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




