– «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай ауданда арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жыл басынан бері бірқатар мазмұнды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Еңбек адамдарының жетістіктерін насихаттау бағыты бойынша «Жамбыл электр торабы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Т. Рысқұлов аудандық ЖЭС» кәсіпорнының басшысы Назигүл Мурзатевамен сұхбат ұйымдастырылып, оның еңбек жолындағы тәжірибесі мен жетістіктері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, М. Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімімен бірлесіп, «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты жұмысшы мамандық иелеріне арналған салтанатты жиын өткізілді. Еңбек әулеттері мен өнегелі отбасыларды дәріптеу бағытында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жүлделі ІІ орынды теміржолшылар әулеті – Көкжаловтар отбасы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Отбасының отағасы Секен Көкжалов 42 жыл бойы теміржол саласында еңбек етіп, «Құрметті теміржолшы» медалімен марапатталған. Бұл әулет бірнеше буын бойы теміржол саласында еңбек етіп келе жатқан нағыз еңбек династиясы болып табылады. Кеңейтілген кездесулер мен қоғамдық талқылаулар да осы жылға арнап өткізілді. Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Ұлттық мүдде – басты құндылық» тақырыбында кеңейтілген жиын болды. Жиынға аудандық және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалары Қожайхан Бижанов және Еркінбек Солтыбаев, «Ғұмыр дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, билер кеңесі, әкелер мен аналар кеңесінің мүшелері, жастар және колледж студенттері қатысты. Басқосу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында және «Ұлттық құрылтайда» айтылған бастамалары айтылып, еңбек мәдениетін дамыту мәселелері қарастырылды, – дейді Ернар Серікәліұлы.
Бұл ауданда Еңбек күні де еңбеккерлерді насихаттауға басымдық берілген іс-шаралармен өткізіліпті. «Еңбек күні» мерекесіне орай «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылған. Шара барысында ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосқан жұмысшы мамандық иелері аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталған. Атап айтсақ, «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен аудандық пошта байланыс торабының орталық операциялық учаскесінің хаттасушысы Раиса Мұсабаева, «Таза су 2014» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің трактор жүргізушісі Бағдат Абдраймов, «Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» қабылдау бөлімінің кіші бикесі Науаткүл Тлеубаева марапатталса, аудандық электр жүйелері мекемесінің 35 КВ «Қосалқы станциялар» шебері Е. Түменбаев, аудандық ветеринариялық бөлімінің Ветеринария дәрігері Қ. Салықбаев, Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман-қорықшысы К.Акимов, «Таза су-2014» мекемесінің Газэлектр дәнеркелеушісі Б. Усенов және тағы басқа бірқатар тұлғалар аудан әкімінің Алғыс хатына ие болған.
Сонымен қатар «Халықаралық қарттар күні» қарсаңында аудан әкімі Ернар Есіркепов пен аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов Луговой ауылының тұрғыны, 40 жыл бойы теміржол саласында еңбек еткен Қаражан Байкеевтің шаңырағына арнайы құттықтап барған. Қаражан ақсақал бүгінде 85 жасында да еңбектен қол үзбей, жылқы шаруашылығын дамытып келеді. Жыл басынан бері аудан әкімі теміржол саласында еңбек еткен Сәкен Көкжалов және «Таза Су-2014» ШЖҚ КМК дәнекерлеушісі Бақыт Үсенов сияқты еңбек майталмандарының үйіне барып, алғыс хатын табыс еткен болатын.
Еңбек адамдарының қажырлылығын, қайраткерлігін көпке таныту мақсатындағы ақпараттық насихат және көрнекі ілмелер бойынша да атқарылған істер аз емес. Ауданда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен жұмысшы мамандардың, яғни ветеринар, дәнекерлеуші, тігінші, орман қорықшысы, аспазшы, наубайханашы, электр маманы, машинист секілді басқа да жұмысшы мамандық иелерінің тізімі жасақталып, олардың фотосуреттері сыртқы көрнекі ақпарат құралдарына орналас-тырылған. Жалпы, жыл басынан бері аудан бойынша ірі көлемде 8 кездесу, 6 дөңгелек үстел, 2 салтанатты жиын ұйымдастырылып, 27 бильборд ілінген. Сонымен қатар еңбек адамы мен жетістікке жеткен жұмысшы мамандық иелерін насихаттау мақсатында аудандық медиа орталық парақшасында 11 бейнесюжет жарық көріпті. Атап айтсақ, «Еңбек адамдарына құрмет – қоғам дамуының негізі» тақырыбында вагон мастері Сәкен Көкжалов пен «Таза су2014» ШЖҚ-ның дәнекерлеушісі Бақыт Үсенов туралы айтылған.
«Бар ғұмырын басылымға арнаған» тақырыбымен «Құлан таңы» газетінің дизайнері Перизат Кабираева туралы түсірілім жарияланған. «Еңбек адамы: Ауладан шағын цех ашып, кәсібін дөңгелетуде» тақырыбында Риза Бекмурзина, «Ақыртөбеде лимон мен банан өсірілуде» тақырыбында Абдимутал Халматов, «Еңбек адамы: Мен мамандығымды сүйемін» тақыбырында «Әбдезім» қосалқы станциясында кезекші электромонтер Айдар Өмірбеков туралы бейнесюжеттер әзірленіп, көпшілік назарына ұсынылған. «Құланда сабын өнімдері өндірілуде» атты түсірілімде Мұхтар Әбдікерімұлының кәсіби шеберлігі айтылса, «Жедел жәрдем қызметкері – жауапты мамандық» тақырыбымен аудандық орталық аурухананың қабылдау бөлімінде еңбек етіп жүрген кіші мейірбике Науаткүл Тлеубаеваның еңбекқорлығы көрсетілген. Т.Рысқұлов аудандық пошта байланыс торабының орталық операциялық учаскесінде хат тасушы Раиса Мусабаеваның қарапайым жұмысы көпшілікке үлгі етілген. «Табиғатқа жанашырлық ؘ– жүректен басталады» атауымен Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман қорықшысы Керімжан Әбдуғапарұлы жөнінде бейнесюжет түсірілген.
– Ауданымызда бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу, олардың мәртебесін арттыру бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Еңбек адамдарына құрмет – қоғам дамуының негізі. Ауданымызда еңбек адамдарына деген құрмет пен қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Жұмыссыздықты болдырмау мақсатында аудандық мәдениет үйінде 7 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жалпы жәрмеңкеге 138 мекеме қатысып, 487 бос жұмыс орындары жарияланды. Жәрмеңкеге 333 жұмыссыз азамат қатысып, оның 230-ына кеңес беріліп, 103 азамат жұмысқа жолданды. 38 тұрғын тұрақты жұмысқа, 65 кісі уақытша жұмыс орындарына жолданды. Оның ішінде 50 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 9 кісі күміс жас жобасымен, 1 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 5 тұрғын жастар практикасымен жұмысқа орналастырылды, – дейді аймақ басшысы Ернар Серікәліұлы.
Т. Рысқұлов ауданы бойынша «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай Құлан агротехникалық жоғарғы колледжінде 2 іс-шара өткізіліп, кәсіби шеберлік тәжірибесі таратылып, мамандыққа адалдық дәріптелген.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Т. Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




