«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шағала мұң қайда әкетіп барады?

Шағала мұң қайда әкетіп барады?
Автор
Күләш Ділдәқызы АХМЕТОВА

Қанағат қып Алла берген нәсібін,

Қастерлеген қаламгерлік кәсібін.

Ұлы Раббым рахымына бөленіп,

Ұлтқа арнаған жауһар жырдың асылысың.

 

Ақ қанатты періште өлең құлады,

Алдиярлап жүрген жандар жылады.

Қарт Қаратау қабырғасы қайысып,

Қабақ шытып, қапаланып тұр әлі.

 

Ажал тұсап тастағандай бұғаулап,

Асау Талас жүз бұралды, мың аунап.

Шөл қандырып буырқанған өзеннен,

Өсуші еді жағасында гүл қаулап!

 

Сыздатқандай жүректегі жараны,

Сыңсып аққан судай шерлі үн тарады.

 Елін сүйген, тұлпар текті тарланды,

Шағала мұң қайда әкетіп барады?!

 

Өлді деуге Қайырбек еш сенбейді,

Жазира да, Жарқын да оған көнбейді.

Аспанда күн, жерде адамдар тұрғанда,

Күләш жаққан жырдың оты сөнбейді.

 

Ақынды іздер Алатаудың аршасы,

Ақынды іздер қалың орман баршасы.

Табиғаттай мәңгі жаса Алаштың,

Мәртебелі поэзияның ханшасы!

 

Шырын МАМАСЕРІКОВА

ақын.

Ұқсас жаңалықтар