Станцияның стратегиялық директоры Амир Урисовтың айтуынша, бұл жоба еліміздегі газмоторлық инфрақұрылымын дамыту жəне көлік секторын экологиялық тұрғыдан жетілдіру аясында жүзеге асырылып отыр. Оның құрылыс жұмыстары биыл жыл басында басталып, қараша айында жобаға сәйкес аяқталған.
«Бұл жобаның инвесторы ретінде «QazMetanPro» ЖШС компаниясы қатысты. Жаңа станция тəулігіне 500 автокөлікке қызмет көрсетеді. Жүк көліктерімен қатар, жолаушы жəне транзиттік көліктерге қызмет көрсету жоспарланған. Атап айтсақ, Қытай, Ресей, Өзбекстан Республикаларының көліктеріне де қызмет көрсетіледі. Жаңа нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған, əлемдік жетекші өндірушілер – KwangShin (Оңтүстік Корея), Weh (Германия) компанияларының техникалары жоғары тиімділікті, қауіпсіздікті жəне экологиялық тазалықты қамтамасыз етеді», – дейді станцияның стратегиялық директоры.
Ал аталған жоба шеңберінде бүгінгі күні 50 жұмыс орны ашылған. Жаңа нысан өкілдерінің айтуынша, станция мотор отыны ретінде табиғи газды пайдалану көмірқышқыл газын шығарындыларын айтарлықтай азайтуға жəне көлікті пайдалану шығынын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Қордайда осыған ұқсас жаңа станция салынуда. Ол іске қосылған станциямен бірге Өзбекстан Республикасы мен Алматы қаласын байланыстыратын «Көк дəліз» құрылымын қалыптастырады. Бұл маршрут елдің оңтүстігінде газмоторлық көліктің негізгі бағыты болып, халықаралық логистика мен транзиттік тасымалдардың дамуына ықпал етеді. Жаңа автомобильдік газ толтыру компре ссорлық станциясының ашылу салтанатына Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты.
– Бүгінгі күні Тараз қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Оның ішінде қоғамдық көліктерді газбен қамту мәселесі де бар. Өңірде көлік логистикасын дамыту мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде Тараз қаласында 420 көшеге асфальт жабыны төселді. 10 даңғыл бойында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы екі ауданды жалғайтын көпір құрылысы жалғасуда. Соңғы үш жылда қоғамдық көліктер 300-ден 510 көлікке жаңарып, автобустардың жаңаруы 90 пайызға жетті. Сондай-ақ соңғы үш жылда жолаушы тасымалы 36 миллионнан 50 миллионға өсіп отыр. Бұл қоғамдық көлікке деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Сондайақ қаладағы экологияны көтеру мақсатында жаңа такси жүйесі іске қосылып, электр қуатымен қуаттайтын жаңа станциялар ашылды. Ал енді бүгін корей үлгісімен салынған жаңа станция жұмысын бастап отыр. Бұл жоба кәсіпкерлерді тарту арқылы қолға алынса, инвесторлардың бірлескен күшімен іске қосылуда, – дейді қала әкімі.
Жаңа нысанның лентасы қиылды. Мұнда кезек болмайтыны анық. Өйткені көлік құралдарын арнайы газ отынымен қуаттайтын сегіз колонка орналасқан. Алғашқы болып Тараз көшесінде жүретін қоғамдық көлік газ отымен қуаттандырылды. Ендігі кезекте алдағы жылы бағдарлама аясында жалпы құны 3,8 миллиард теңгені құрайтын 50 газмоторлық автобусты сатып алу жоспарлануда.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




