«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тұрғындарды жұмыспен қамтудың барлық шаралары ұйымдастырылуда

Тұрғындарды жұмыспен қамтудың барлық шаралары ұйымдастырылуда
Автор
Ел экономикасын ілгерілетудің бір тетігі – тұрғындарды жұмыспен қамту. Осы мақсатта бірқатар бағдарламалар ел ішінде жүзеге асырылып отыр. Бос жұмыс орындарына жолдаумен қатар, түрлі кәсіпке үйретіп, тегін оқытатын бағдарламалар да бар. Оған қоса, жеке кәсібін ашуға ниеттілерге қолдау көрсетіліп те келеді. Осындай іс-шаралардың оң ықпалын меркіліктер де көріп отыр.

Бүгінгі күнге Меркі ауданы «Мансап орталығы» филиалына 3475 адам кайырылып, оның 3465-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, жо спар 84,6 пайызға орындалған. Бұл бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде «Мансап орталығы» филиалының директоры Ербол Дүйсебаев мәлім етті.

– Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға берілген жоспар 4091 адамды қамту еді. Оның ішінде қысқа мерзімді оқыту 115 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытуға 30 азамат, онлайн оқытуға 240 тұрғын, бастау бизнеске – 260, бос жұмыс орындарына – 2280, әлеуметтік жұмыс орнына – 70, жастар тәжірибесіне – 200, ақылы қоғамдық жұмысқа – 657, күміс жас бойынша 97, алғашқы жұмыс орны бойынша 48, ұрпақтар келісімшарты бағдарламасымен 3 адам жіберіліп, 91 тұрғын кәсіпкерлікпен айналысуға грант алды. Оның ішінде 1723 тұрғын әйел болса, 1115-і жастар. Қысқа мер зімді оқыту 115 адамға жоспарланып, жеке кәсіпкер «Калысбаев» және «Айсұлу» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде оқыту орталығымен келісімшарт жасалынып, 115 азамат оқуға жіберілді. Жоспар 100 пайыз орындалды. Жұмыс берушінің орнында оқытуға 30 азамат жоспарланып, «Калысбаев» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасалынып, 30 адам оқуға жіберілді. Бұл бағытта да жоспар толығымен орындалып, аталған 30 азамат оқуды аяқтап, барлығы тұрақты жұмысқа орналасты. Онлайн оқытуға 240 адам жоспарланып, барлығы тиісінше білім алып, 226-сы сертификат алды. Жоспар толығымен орындалды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтарымсыз грант бойынша 91 адамға 143,1 миллион теңге бөлінді. Өз бизнестерін ашуға 91 азамат қайтарымсыз грант алды. 143,1 миллион теңге қаражат игерілді, – дейді Ербол Карібайұлы.

Субсидияланатын жұмыс орындарына тұрғындарды жолдау шараларына тоқтала кетелік. Бұл ауданда әлеуметтік жұмыс орындарына 70 адамды орналастыру жоспарланған. Биылғы қараша айына дейін 24 жеке сектор жұмыс берушімен келісімшарт жасалынып, 70 адам жұмысқа жіберілген. Жұмыссыздықпен күре сте көмек көрсеткен жеке секторларды да атап өткен жөн болар, олар – «Мырзабаев», «Шөңкебай», «Суюмкулов», «МАХІМ», «Усенов», «Кожабекова» жеке кәсіпкерліктері және тағы басқалар.

Еңбек шарттары 100 пайыз жасалынып, оның ішінде өз еркімен жұмыстан 19-ы шығып, 19 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалған 51 азамат жұмыстарын жалғастыруда. Жастар тәжірибесіне 200 адам жоспарланып, 54 мекемемен келісімшарт жасалынып, 175 адам жұмысқа жіберілген. Оның ішінде 12-сі жеке сектор. Жастар тәжірибесі бағдарламасымен жұмысқа жіберілгендердің ішінде 69-ы өз еркімен жұмыстан шығып, 33 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалған 106 азамат жұмыстарын жалғастырып жүр. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 657 адам жоспарланып, 167 мекемемен келісімшарт жасалынып, 657 азамат жұмысқа жолданған. Келісім жасалған мекемелердің 139-ы жеке сектор жұмыс беруші. Еңбек шарттары түгел жасалынған. Оның ішінде өз еркімен 135 адам жұмыстан шығып, 90 адам тұрақты жұмысқа жіберілген. Қалған 522 азамат қазіргі уақытта жұмыстарын істеп жүр. Күміс жас жұмыс орнына 97 адам жоспарланып, 65 жеке сектор жұмыс берушімен келісімшарт жасалынған. «Сары» шаруа қожалығы, «Айгерим», «Исмаилова», «Бейсенбетова», «Далибаева» жеке кәсіпкерліктеріне келісіммен 97 азамат жұмысқа жолданған.

Алайда 22 жұмысқа жолданған адам өз еркімен шығып, 19-ы тұрақты жұмысқа жіберіліпті. Қалған 75 азамат жұмыстарын жалғастыруда. Алғашқы жұмыс орнына 48 адам жоспарланып, 53 мекемемен жасалған келісімшарт негізінде 48 азамат жұмысқа жолданған. Бұл мекемелердің ішінде 36 жұмыс беруші – жеке сектор. Олар – «Айтиева», «Байел», «Нур» жеке кәсіпкерліктері, «Ақарал» және «Ш-Нұрлан» шаруа қожалықтары. Бұл бағдарламамен жіберілгендердің ішінде де 24 адам мерзімінен бұрын өз еркімен жұмыстан шығып, 16 жұмысшы тұрақты жұмысқа орналасқан. Қалған 24 азамат жұмыстарын істеуде.

– Бос жұмыс орындарына 2280 адамды жолдау жылдық жоспарда бөлініп, 1689 тұрғын жұмысқа орналасқан. Жоспар 74 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарнасы 1489 адамда қамтылуда. Еңбек шарттары 95,1 пайыз жасалды. Оның ішінде 801 әйел, 533 жас азамат жіберілді. Аудан бойынша жұмыссыз ретінде 1558 адам ресми тіркеуде тұр. Оның 681-і әйел, 453-і жас тұлға, – дейді Меркі ауданы «Мансап орталығы» филиалының директоры Ербол Дүйсебаев.

Аудан аумағында жұмыссыздықты болдырмау мақсатындағы іс-шаралар жалғастырылып жатыр.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар