Жүгеріні терең өңдейтін зауыт құрылысының 80 пайызы аяқталды
- author «Ақ жол»
- 13 қараша, 2025
- 293
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады», – деп атап өткен болатын.
Осы бағыттағы нақты нәтижелердің бір көрінісі – Шу ауданыңдағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының қарқынды дамуы. Мұнда әлемге танымал қытайлық Fufeng Group компаниясы 1,5 миллиард АҚШ доллар көлемінде инвестиция құйып, жүгеріні терең өңдейтін Орталық Азиядағы ең ірі зауыттардың бірін салып жатыр.
Ауқымды жоба екі кезең бойынша жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында ғана басталған алып құрылыстың жұмысы қарқынды жүруде. Қазірдің өзінде бірінші кезеңнің 80 пайызы орындалған. Жұмысшыларға арналған жатақхана мен асхана, кеңсе және қойма ғимараттары, сондай-ақ жылу электр орталығы және тағы басқа өндірістік нысандар бой көтеруде.
Зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жыл сайын 3 миллион тоннаға дейін жүгері өңделіп, 1500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл кәсіпорынның ерекшелігі – қалдықсыз технология. Жүгеріден алынған шикізаттан аминқышқылдары, крахмал және глюкоза өндіріледі, ал қалдықтары мал азығына пайдаланылады.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




