Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104 пайызға өскендігі байқалады.
2025 жылдың 2-ші тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 765,5 миллиард теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 128,4 пайызға өсті. Сондайақ аталған субъектілердің тарапынан 323,2 миллиард теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың мерзімді кезеңімен салыстырғанда деңгей 40,6 миллиард теңгеге артты. Мерзімді кезеңде облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 180,6 миллиард теңгені құрайтын қаржы жалпы саны 27 963 кәсіпкерге берілді.
Соңғы сегіз айда облыс бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 12,1 миллиард теңгені құрайтын 94 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар «Өрлеу» бағдарламасы аясында несие соммасы 7,9 миллиард теңгеге 33 жоба қаржыландырылса, «Кепілдік қоры шеңберіндегі қолдау» бағдарламасы аясында несие соммасы 7,4 миллиард теңгеге кепілдік сомасы 3,4 миллиард теңгені құрайтын 85 жоба қаржыландырылды. Ал «Jambyl Business» өңірлік бағдарламасы аясында несие соммасы 2 миллиард теңгеге 48 жоба қаржыландырылып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің дамуына жеке тоқталып, оған жаңа серпін беру қажеттігін мәлімдеп:
«Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есе өсіп, 17 триллион теңгеге жуықтады. Ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,4 пайызға жетті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды. Соның нәтижесінде 12,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды», – деп атап көтсетті.
Өнеркәсіп – бұл кез келген мемлекет экономикасының маңызды секторы. Ол табиғи шикізатты өндіру мен оны өңдеумен және сондай-ақ әртүрлі заттар мен энергияны өндірумен айналысатын кәсіпорындардан, зауыттардан және фабрикалардан тұрады. Облысымыздағы өнеркәсіп саласында 44 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Халыққа 859 кәсіпорын қызмет етеді. Түйіндеп айтқанда, аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындары өнім көлемін жыл сайын арттырып келеді.
Басқарма басшысының айтуынша, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 967,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Металлургия өнеркәсібі бойынша мерзімді кезеңде 87,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның нақты көлем индексі 86 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 14,4 пайызға тиесілі. Саланың негізгі кәсіпорындарына ферроқорытпалар өндірісі бойынша «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, бағалы металдар (алтын және күміс) өндіретін «АК Алтыналмас» АҚ, алтын және күміс өндіретін «Golden Compass Capital» АҚ, болат құю бұйымдарын өндіретін «Запчасть» АҚ жатады.
Аталған өндіріс ошақтарында соңғы тоғыз айдың көлемінде барлығы 1612 килограмм алтын заттай мәнде өндірілген. Азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша мерзімді кезеңде 95,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның нақты көлем индексі 112,3 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 15,7 пайыз. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі бойынша (құрылыс индустриясы) мерзімді уақытта 66,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның нақты көлем индексі 135,8 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 10,9 пайыз.
Саланың негізгі кәсіпорындары тізіміне портландцемент өндіру бойынша «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, құрылыс гипсін және оның құрылғыларын өндіретін «Жамбылгипс» АҚ, темірбетон бұйымдарын, бетоннан жасалған құрылыс құрастырмалы құрылымдарын өндіретін «Гимарат Темірбетон» ЖШС және «Жамбылхимстрой» ЖШС, сондайақ және тағы басқа кәсіпорындарды жатқызсақ болады. Осы жоғарыда аттары аталған кәсіпорындармен мерзімді кезеңде барлығы 1206,4 мың тонна портландцемент, 217,6 мың тонна құрылыс гипсі, 338,2 тонна тауарлы бетон заттай мәнде өндірілген.
«Саладағы өндіріс көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыс берушілердің сұранысына, құрылыс монтаж жұмыстарының маусымдық сипатына байланысты», – дейді мамандар.
– Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру бойынша мерзімді уақытта 22,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Оның нақты көлем индексі 144,5 пайыз болатын болса, өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 3,7 пайыз. Сала өзіне мұнай отынын, авиациялық бензин, мазут шығаратын «Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-нің Жамбыл және Талас филиалдарын біріктіреді. Аталған кәсіпорындар жыл басынан бері 120,3 мың тонна мұнай өнімдерін заттай мәнде өндіріп отыр. Ал машина жасау саласына келсек, мұнда мерзімді кезеңде 15,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілгендігін көреміз. Оның нақты көлем индексі 121,5 пайызды құраса, өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 2,6 пайызды құрайды. Осы жерде саладағы өнім көлемінің «ЖамбылРемСервис» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдарында (Шу локомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы) жөндеу жұмыстарына көрсетілетін қызметтер есебінен қамтамасыз етілгендігін айта кетуге тиіспіз. Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша соңғы тоғыз айлықта 6,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілген болса, дайын металл бұйымдарын өндіру бойынша 4,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Біріншісінің нақты көлем индексі 93,6 пайызды құраса, екіншісінікі 90,9 пайызды құрайды. Ал өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі бойынша біріншісінікі 1 пайыз болса, екіншісінікі 0,8 пайыз. Біздің өңірде былғары-аяқ киім өндірісі, тоқыма бұйымдары, киім өндірісі дамыған. Саланың негізгі кәсіпорны болып «ТаразКожОбувь» ЖШС табылады. Оның қызметі тері бұйымдарын өндіруге және былғары аяқ киімнің кең ассортиментін тігуге негізделген. Салада өнім көлемінің ұлғаюы немесе азаюы тапсырыстарға, сұранысқа байланысты. Аталған серіктестік жыл басынан бері 120,4 мың жұп аяқ-киімді заттай мәнде өндірді. Ал дайын металл бұйымдарын өндіру саласында екі кәсіпорын жұмыс істейді. Олар: «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС және «Металлоконструкция және резервуарлар зауыты» ЖШС. Серіктестік мерзімді кезеңде 2848 тонна металл құрылғыларын заттай мәнде өндіріп отыр. Жалпы, Тараз қаласының кәсіпорындарымен қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 513,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда саладағы нақты көрсеткіш индексі 120,6 пайызды құрайды. Облыс орталығының жалпы өнеркәсіптегі үлесі 53,1 пайызға тең, – дейді облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




