Өңірдегі халықты жұмыспен қамту мақсатында жүзеге асырылып жатқан істер туралы облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов толығырақ айтып берді.
– Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 12804 адамға жұмыс орны құрылды. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде ұлттық жобалар және тұжырымдамалары аясында биылғы 9 айда 1712 жұмыс орны қамтылды. Электронды еңбек биржасында облысымызда 2025 жылы 193 жоба бойынша 2732 жұмыс орнын құру жоспарланып, 9 ай ішінде 160 жоба электронды еңбек биржасына енгізіліп, 1285 азамат жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар жастарға 2,5 пайызбен несие беру бағытында 741 жобаға беру жоспарланып, бүгінде 394 адамға несие берілген. Сонымен қатар 210 адамды «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жіберу жоспарланып, оған 33 жас жұмысқа тартылған. Электронды еңбек биржасында жұмыс берушілердегі бос жұмыс орындарына 14988 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қайтарымсыз грант, субсидияланатын жұмыс орындары секілді белсенді шараларына 16997 адам қатысты. Оның ішінде 778 адам мүгедек жандар. Анығырақ айтсақ, 12682 адам субсидияланатын жұмысқа жолданған және 2023 жыл мен 2024 жылдың жалғастырушылар саны 3309 адамды құрайды, мемлекеттік қайтарымсыз грант 1006 адамға берілген. Облыстық басқармалардың ұсынысына сәйкес 2025 жылға ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында 193 жоба, оның ішінде 2732 жұмыс орнын құру жоспары бекітілген. Есепті кезеңде, электронды еңбек биржасында 160 жоба енгізіліп, 1285 азамат жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыз азаматтарды білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту курстары ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес 1335 жұмыссыз азамат, оның 980-і білім беру ұйымдарында және 335-і жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқуға жолданды. Сондай-ақ skills. enbek.kz платформасында 2829 жұмыссыз азамат онлайн курстарды, оның 2530-ы тиісті сертификатын алды. Сонымен қатар платформада «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту онлайн курсын 3380 адам аяқтады, оның 2162-сі сертификат алды. Жыл басынан бері 9 айда субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған азаматтардың қатарынан 2709 адам жұмыстарын аяқтап, оның 1696-сы, яғни 62,6 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылды, – дейді басқарма басшысы Еркін Егембердіұлы.
Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйеніп, жұмыс түрлері бойынша жолданған азаматтар турасында тарқата айтсақ, ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілген 1613 адамның 988-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 810 адам жұмысын аяқтап, 305 азамат тұрақты жұмысқа тұрған. Жастар практикасымен 458 жас өз міндеттерін аяқтап, олардың ішінде 240 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. «Күміс жас» жобасымен жолданған 150 адам берілген кезеңді аяқтап, тұрақты жұмысқа 88 адам қалған. «Алғашқы жұмыс орындарына» жіберілгендердің ішінде 118 адам өз міндетті кезеңін аяқтаған, олардың ішінде 70 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. «Ұрпақтар келісім шартына» жолданған 9 адам өз кезеңін аяқтап, бесеуі тұрақты жұмысқа тұрған.
Бұдан бөлек, аталған басқармаға қарасты Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталықтарының ұйымдастыруымен жыл басынан бері бірнеше бос жұмыс орны жәрмеңкелері ұйымдастырылып жүр. Нәтижесінде бірқатар жұмыссыздар табыс көзі болар жұмыс орындарын тапқан.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




