Жәрмеңкеге өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен тұрақтандыру қоры жалпы құны 108,5 миллион теңге болатын 86,4 тонна өнім жеткізді. Сауда сөрелеріне 23,5 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3 тонна шұжық өнімі, 8,5 тонна сүт өнімі, 12 мың дана жұмыртқа, 0,6 тонна кондитерлік өнім, 3,9 тонна макарон, 0,5 тонна тұз, 4,2 тонна балық, 7 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 31,6 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімі қойылды.
Азық-түлік бағасы нарықтағыдан 10-20 пайызға төмен деңгейде ұсынылды. Аймақ басшысы шаруалармен сөйлесіп, халықтың пікіріне құлақ асты. Баға тұрақтылығын сақтау мен тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін атап өтті.
– Азық-түлік қауіпсіздігі – экономикалық тұрақтылықтың негізгі кепілі. Ел Президенті баға тұрақтылығын жеке бақылауында ұстап отыр. Облыста өндірілетін өнім көлемін арттырып, ішкі нарықты өз тауарларымызбен толық қамтамасыз етуіміз қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.
Бұл күні өңір басшысы «Бәйтерек» және «Аса» шағын аудандарында орналасқан әлеуметтік дүкендерді аралады. Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Тараз қаласында – 12, ал Жуалы ауданында 1 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді.
Жыл басынан бері осы дүкендерге жалпы құны 68 миллион теңге болатын тауарлық интервенция жүргізіліп, негізгі азық-түлік өнімдері әлеуметтік бағада сөрелерге шығарылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




