Бүгінгі таңда заманауи би – жастар арасында кең таралған, рухани және физикалық дамуға ықпал ететін өнер түрі. Бұл бағыт тек би қимылдары ғана емес, жеке стиль, шығармашылық еркіндік пен өзін-өзі көрсету құралы ретінде де маңызға ие. Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына қарасты «Hustle Dance» би тобы о сы бағытта табысты жұмыс істеп келе жатқан ұжымдардың бірі.
Үйірме қатысушылары хип-хоп, джаз-фанк, контемпорари, street dance сияқты жанрларды меңгеріп, түрлі деңгейдегі байқауларда өнер көрсетіп, жеңімпаз атанып келеді. Би тобы бүгінде облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейде де жетістіктерге жетіп жүр. Дарынды жастарды өнерге баулып жүрген топ жетекшілері – Даулет Агибаев пен Жандос Нұрланұлы олардың креативті ойлауын дамытып, техникасын жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Бірнеше халықаралық додалардың биігін бағындырған жеңімпаз «Hustle Dance» би тобының жетекшілері Даулет Агибаев пен Жандос Нұрланұлы жоғарыда айтып кеткен «Nurai Fest» халықаралық би конкурсында «Үздік жетекші» төсбелгісімен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.
– Байқауға қатысқан «Hustle Dance» би ұжымының 80 жасөспірім бишісі мен жетекшілерінің бұл кезекті үлкен жетістігі аудан мәдениеті мен жас өнерпаздардың табандылығының айқын нәтижесі. Балалардың биік белестерді бағындыруына үлкен еңбек сіңірген үйірме жетекшілерінің, атааналардың және мәдениет қызметкерлерінің еңбегі зор, – дейді аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова.
Ерман ӘБДИЕВ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




