Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Заңда өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді деп көрсетілген. Қаратау қаласында №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмыс істейді.
2003 жылы жұмысын бастаған мекемедегі әр қызмет талапқа сай жүргізіледі. Қазір мұнда 81 қызметкер бар. Олардың ішінде 10-ы әлеуметтік қызметкер санатында. Сондай-ақ мекемеде 62 қызмет алушы тіркелген. Аталған арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры Ерлан Әнетбаев өз ісін жетік білетін басшы. Жоғары оқу орнында ұстаздық қызмет атқарған маман әлеуметтік салада да өз қабілеті мен біліктілігін танытып келеді.
Ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасынан табылатын азаматтың біліктілігі мен кәсіпқойлығы мекемедегі жұмыстарға жауапкершілігімен қарауында. Мұнда қызмет алушыларға үйдегідей қолайлы жағдай жасалған. Бұл орайда 7 бағытта, атап айтқанда, әлеуметтіктұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық және әлеуметтік-құқықтық арнаулы қызметтер көрсетеді.
Ғимараттың ішінде әр бөлме қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр блок қызмет алушыға арналып жасақталған. Дәрігерлердің қабылдау бөлімі, әкімшілік бөлмесі, мәжіліс залы, асхана, кітапхана, емдеу, арнаулы оңалту шараларын көрсететін бөлмелер орналастырылған.
– Орталықта қызмет алушыларға тек медициналық көмек беріліп қана қоймайды, мекемедегілер негізінен өмірлік қиын жағдайға тап болған жандар болғандықтан олардың әрқайсысының психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жоспар бекітіліп, сол бойынша жекежеке жұмыс істелінеді. Мұнда қызмет алушының әр сағаты жоспарланған. Әлеуметтік қызметкерлердің міндеті – қызмет алушыларды қоғам мүшесі ретінде сезіндіру, басқалармен тең мүмкіндіктер жасау. Әсіресе мереке күндері мәдени-ағарту шаралары ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар ұсынылады. Көңілге шуақ құятын мұндай кештер орталықтағы түрлі қиындыққа тап болған жандарға үлкен әсер береді, көтеріңкі көңіл сыйлайды. Тағдырдың ауыртпалығын тартқан адамдар қамкөңіл келеді. Оларды қоғамның бір мүшесі ретінде сезіндіру, емен-жарқын әңгімелесу, мұңын тыңдап, кеңес беру, мейірім төгу орталық қызметкерлеріне артылған міндеттің бастысы. Мекеме ұжымы өздеріне жүктелген жауапкершілікті жақсы түсінеді, – дейді №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Айгүл Иманбаева.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




