Шара «Әулиеата – кітап оқитын өңір» акциясы аясында ұйымдастырылып, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мен оқу мәдениетін қалыптастыруды мақсат етті.
Іс-шарада жыл басынан бері ең көп кітап оқыған оқырмандар марапатталып, өз ой-пікірлерін және әсерлерін бөлісті.
Жыл үздіктері қатарында Дулат Қасымов, Жібек Бекжанқызы, Алинұр Әбсат және Айзере Серік ынталандыру сыйлығына ие болды. Ал Нұрсұлтан Жаңабай мен Айзере Шәмен – «Зерделі жас», Ақерке Қали мен Айлин Болат – «Кітапхананың мақтанышы» атанды. Ең көп кітап оқыған Айша Рахымберді «Жыл оқырманы» номинациясымен марапатталып, бас жүлдені иеленді.

Кешке журналист, сатирик-ақын Бақытжан Советұлы, журналист, балалар жазушысы Марат Құлибайұлы, филолог, журналист Мырза-Ғали Эльмира, сондай-ақ облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Қамар Қарасаева қатысты.
Шара барысында «Ерке» ЖК-нің домбыра үйірмесі ұлттық күйлер орындап, «SMART» ЖК би үйірмесі қазақтың «Аманат» және түрік халқының «Байрам» билерін ұсынды. Сонымен қатар, көрермендер назарына арнайы кітап көрмесі ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




