«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл спорты жаңа деңгейге көтеріліп келеді

Жамбыл спорты жаңа деңгейге көтеріліп келеді
Автор
Жамбыл облысының су спорты өкілдері халықаралық деңгейде Қазақстанның атын асқақтатып, өңір спортының жаңа жетістіктеріне жол ашып отыр. Жуырда Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен су спорт түрлерінен халықаралық жарыста облыстың 6 ер және 16 әйел спортшысы бақ сынады. Нәтижесінде жамбылдық арулар жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал бұған дейін, 21–27 қыркүйек аралығында Сингапурда өткен паражүзуден Әлем чемпионатында тараздық спортшы Нұрдәулет Жұмағали күміс жүлдені жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғаған болатын.

Осы жетістіктердің құрметіне «Qazaq» Aqucties», «Jambyl» Aqucties» республикалық қоғамдық бірлестіктерімен қатар «Respublica» партиясы облыстық филиалының ұйыдастыруы мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара партия мүшесі, облыстық су спорт түрлері федерациясының президенті Нұрсұлтан Темірханның қолдауымен ұйымдастырылды.

Жиында университет ректоры Махметғали Сарыбеков спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа табыстар тілеп, өңір спортының дамуына зор үлес қосып жүргендерін атап өтті. Сондай-ақ «Respublica» партияси облысты қ филиалының төрағасы Айнұр Шайзханқызы да спортшыларға сәттілік тілеп, олардың жетістіктерін жоғары бағалады.

Басқосуда Азия және Әлем чемпионаттарын ы ң жүлдегерлеріне арнайы Алғыс хатт ар т абыс етілді. Әлемдік аренада ерекше табысқа жеткен Нұрдәулет Жұмағали 5 миллион теңге көлемінде ақша лай сыйақымен марапатталды. Сондайақ өзге спортшыларға 200 мыңтең геде н қаржылай сыйақы берілді. Нұрдәулеттің жеке бапкері Саттар Бейсембаев шәкіртін әлемдік деңгейге еткізудегі еңбегі үшін арнайы марапат сертификатына ие болды.

– Өңір спортшылары ен бапкерлерінің табандылығы жоғары. Облыстағы су спорт түрлері құрамасындағы қыздардың 90 пайызы, ал ерлер құрамасының 70 пайызы – өз өңіріміздің спортшылары. Нұрдәулет пен басқа да спортшылардың жеңістері нағыз еңбек пен рухтың үлгісі. Жамбыл спорты жаңа деңгейге көтеріліп келеді, бұл жолда әрбір жаттықтырым   спортшының үлесі зор, – деді өз сөзінде федерация президенті Нұрсұлтан Темірхан.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Ұқсас жаңалықтар