Жиында партияның облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Рахман Аққозиев көпшілікті Республика күнімен құттықтап, қарт адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіп, шынайы қызметін ұсынып отырған орталық қызметкерлерінің жанкешті еңбектеріне алғысын айтып, бірқатар мамандарды партияның Алғыс хатымен марапаттады.
Марапатталғандардың қатарында 1997-2009 жылдар аралығында №1 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің директоры, 2009- 2011 жылдары жоғарыда аталған мекемеде директордың орынбасары қызметін атқарған, Әлеуметтік еңбек саласының үздігі, Тараз қаласының Құрметті азаматы, сала ардагері, партия мүшесі Күләш Назарбекова да болды.
– Күләш Айтбайқызы нағыз еңбек адамы үлгісін көрсетіп келеді. Еңбек жолын 1973 жылы облыстық комсомол комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы қызметінен бастады.1979-1986 жылдары қалалық партия комитетінің жалпы, ұйымдастыру бөлімдерінің нұсқаушысы болып жалғастырды. 1986-1992 жылдары Жамбыл қаласында Орталық аудандық Халық депутаттары Кеңесі атқарушы комитетінде хатшы және төрағаның орынбасары лауазымдарында еңбек еткен. Бірнеше рет аудандық Халық депутаттары Кеңесіне депутат болып сайланған. 1992-1993 жылдары Жамбыл облысы басшысы аппаратының ұйымдастырунұсқаушы бөлімінің жауапты ұйымдастырушысы қызметінде болды. 1993-1997 жылдары «Әлия және К» шағын жеке кәсіпорнын ашып, қиын-қыстау заманда талай адамдарға жұмыс орнын беріп, еліміздің дамуына өз үлесін қосып отырды. 1999-2004 жылдар аралығында облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрайымы болып сайланды, – деді Рахман Сейілханұлы.
Әлеуметтік салада да қолтаңбасы бар. Өздеріңізге белгілі, 1997- 2009 жылдар аралығында №1 Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің директоры болса, 2009-2011 жылдары осы мекемеде директордың орынбасары қызметін атқарды. Ел алдындағы ерен еңбектері еленіп, үкімет, облыс тарапынан бағаланып, марапаттар алды.
Зейнетке шыққаннан кейін, 2011 жылы Күләш Айтбайқызы «Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың» облыстық бөлімшесінің төрағасының орынбасары қызметіне сайланып, 2017 жылға дейін қоғамдық жұмысты атқарып келді. Аса ірі мемлекет, қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, ұлы тұлға, академик Д.А. Қонаевты мәңгілік е сте қалдыру және насихаттау мақсатында жасаған ерекше еңбегі үшін 2022 жылы Халықаралық Д.А. Қонаев қорының президенті Эльдар Асқарұлының қолынан Қонаевтың 110 жылдық «Мерей» орденімен марапатталды. Сондай-ақ 2011 жылдан бастап 2022 жылға дейін облыстық ардагерлер кеңесінің Әлеуметтік тұрмыстық және зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы болды, 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін облыс әкімдігінің бастауыш ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары болып келді.
Қазіргі таңда облыс әкімдігінің бастауыш ардагерлер ұйымының президиум мүшесі. Саяси тұрғыдан сауатты. Жастарға рухани және патриоттық, саяси деңгейде тәрбие беру жұмысына тұрақты ат салысып келеді. Қазақстан Халық партиясының мүшесі, іскер әйелдер қауымдастығының, облыстық және қалалық ардагерлер кеңестерінің мүшесі. Рахман Сейілханұлы сала қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекесімен де құттықтады. Ал аталған мекеме директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Мұрат Бердалиев арнайы құттықтай келген Қазақстан Халық партиясы өкілдеріне алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Еларалық қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатын сапар
- 29 қазан, 2025
Жамбыл спорты жаңа деңгейге көтеріліп келеді
- 28 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




