Президент: «Қазір жастар үшін жаңашылдық пен патриотизм маңызды. Отанға деген сүйіспеншілігін олар қоғамға пайдалы тың бастамалар мен жаңа істерін ашып, жаңашылдық бағытпен келіп отырғанымен көрсетуде. Мен жастардың бұл бастамасын қолдаймын. Жастардың таланты мен біліміне сенемін», – деді.
Қазір жастарға жанжақты қолдау бар, дегенмен интеллектуал жастарды қолдайтын болсақ, олардың білім мен біліктілігін аймақтардың өсу-өркендеу жолына бағыттасақ тың бастамалар өмірге келері анық. Менің ойымша мектеп бағдарламасына да жасанды интеллект пәнін енгізу керек. Жаңа пән – ертеңгі ұрпақтың жан-жақты дамуына және өз ісінің кәнігі маманы болуына, сондай-ақ кәсіппен айналысса бизнесін дөңгелетіп алып кететін ел азаматы болып қалыптасуына септігін тигізеді.
Президент алдағы үш жылда Қазақстан «Цифрлық мемлекетке» айналатындығын сөзге тиек етті. Мұның негізі бүгінгі оқушы, жастар ел болашағы – ел әлеуетін көтеретін білімді, білікті болып өсіп, ел дамуының кепілі болады деген сенім! Қазір Қазақстан әлемдік аренада өзге мемлекеттер қатарында дамып келе жатқан іргелі мемлекет ретінде сыртқы және ішкі саяси, экономикалық байланыста өз келбетін танытып отыр. Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертуде. Әлемде жасанды интеллектіні білетін мамандарға сұраныс жоғары. Сондықтан
Президент: «Мен жариялаған міндеттер Қазақстанның одан әрі дамуы үшін айрықша маңызды. Олар еліміздің цифрлық жаңғырту ісімен тығыз сабақтасып жатыр. Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуы тиіс», – деді.
Бұл жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның даңғыл жолы айқындалып, жастардың жаңашылдығымен өркендейтін жол, дара, даңғыл болмақ. Бүгінде мектептегі ұстаздар қауымы да жаңашылдыққа бет бұрып, жаңа технологияларды игеріп, жаттанды, таптаурын болған әдістерден айырылып отыр. Яғни, жаңалықты игерген ұстаздың алдындағы шәкірт те жаңаша ойлайтыны, құбылыс пен дүниетанымды жаңаша қабылдайтыны анық.
Бұл ізденіс пен біліктілікті тұрақты түрде көтеріп отырумен келетін дүние. Сондықтан «ізденген жетер мұратқа» деген қағиданы ұстанған мұғалім – жаңа заман көшінен қалмай, жасанды интеллект дәуірінің кейіпкеріне де айналып үлгерді.
Әдиша БАЙДУАНОВА
№15 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, зерттеуші-ұстаз.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді
- 26 ақпан, 2026
Елдің бағытын қалыптастыратын маңызды қадам
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




